Ақмола облысының Әділет департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысы
А.ж. 8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Қ. Уажанов Ақмола облысының Әділет департаментінде өткізілген диалог алаңына қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтары, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының новеллалары туралы әңгіме өрбіді.
Департамент қызметкері жиналғандарды Стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырды, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шаралары жөнінде түсініктеме берді, а.ж. 1-жартыжылдығында Әділет департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындылары жарияланды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге неғұрлым бейімделген салалар аталды.
Кездесудің соңында Әділет департаментінің қызметкерлері өздерін қызықтырған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты қойылған сауалдарына толық жауап алды.
Іс-шараға 40 адам қатысты.

