Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадрлық саясатын түсіндіру жөніндегі семинар
А.ж. 6-9 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрлігі Ақмола облысы департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадрлық саясаты» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарына қатысты. Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев «Мемлекеттік қызметтің халықаралық модельдері» тақырыбында дәріс оқыды. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р. Братаева Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі туралы баяндады. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев Этикалық кодекс нормаларының бұзғандықтары үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәжірибесі туралы түсіндірді.
«Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау» тақырыбындағы практикалық сабақты Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А. Исаев өткізді.
Іс-шараларға 42 мемлекеттік қызметші қатысты.

