Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді

ОҚО орталығы Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты тақырыпта отбасылар арасында байқау болып өтті.

Адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – «Отбасы» екені бәрімізге мәлім. Осыны ескеріп аталмыш облыстық байқауға Мақтарал ауданынан барған Оңалбаевтар жанұясы жүлделі 2-ші орынды иеленді. Осылайша түрлі сайыстар бойынша өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсеткен Оңалбаевтар жанұясы әділ-қазылардың әділ шешіміне ие болды.

Айта кетейік, Оңалбаевтар жанұясындағы отағасы мен жұбайы Н.Оңдасынов мектебінде білікті ұстаздар. Ауданымыздың намысын қорғаған жанұяны Мақтарал ауданы әкімдігі тарапынан шын жүрекпен құттықтаймыз!

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
417

Осы тақырып бойынша

Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді - Yvision.kz