Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясы адамдарды емдеудің 130-дан астам хаттамасын қабылдады

2016 жылдың 8 айында ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссиясының (әрі қарай - Комиссия) 10 отырысы өткізілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Олардың қорытындысы бойынша сырқаттанған адамдарды емдеу, оңалту мен диагностикалаудың 134 клиникалық хаттамасы қабылданып, 18 медициналық технология (кардиология, онкология, офтальмология, нейрохирургия, гастроэнтерология саласындағы емдеу тәсілдері), сонымен қатар, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 3 стандарты мақұлданды (оториноларингологиялық және сурдологиялық, стоматологиялық, патологоанатомиялық диагностика мен клиникалық цитология). Жоғарыда аталған клиникалық хаттамаларды әзірлеуге кәсіби медициналық бірлестіктердің өкілдері шақырылды. ҚР ДСӘДМ…

0
0
241

2017 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 6 ірі компаниясы жаңа корпоративтік бағытта жұмыс істейді

Ең консервативті болжам бойынша ұлттық компаниялар қызметін стандарттаудан түсетін пайда 2020 жылға дейін шамамен 300 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады ұлттық компания. «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық компаниялардағы корпоративтік үдерістерді ұйымдастырудың жаңа стандарттарын енгізіп жатыр, бұл олардың операциялық қызметінің тиімділігін арттырып, стратегиялық міндеттерін табысты іске асыруына мұрындық болады. Озық халықаралық тәжірибе негізінде жасалған стандарттар (референс үлгілері) бухгалтерлік және салықтық есеп, қазынашылық, адам ресурстарын басқару, ақпараттық технологияларды, мәліметтерді басқару, жедел жоспарлау және т.б. қызметтерді қамтиды. А.Илькявичюс, «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры: «Кез келген компанияның сәтсіз қызметі оның…

0
0
507

Сенат заң жобаларының қаралу сапасына ерекше мән береді – Қ.Тоқаев

Парламенттің жаңа сессиясындағы Сенат Бюросының алғашқы отырысы Палаталардың 1 қыркүйекте болған бірлескен отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген міндеттерге арналды. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент қарауына институционалдық реформаларды одан әрі қамтамасыз етуге және кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды іске асыруға бағытталған 50-ге жуық заң жобасы келіп түсетінін айтты. Бірнеше заң жобасы жоспардан тыс енгізілетін болады. Олардың ішінде еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, қысқа мерзімде қабылдауды қажет ететін заңдар да бар. «Біз, әрбір заң жобасын мұқият талқылап, қабылданатын заңдардың сапасына ерекше мән беріп, Үкіметпен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Бұл ретте, Елбасының нақты тапсырмасы бар», - деп атап өтті Төраға. «Жаңа парламенттік мау…

0
0
362

Қазақстанда атыс тирінің жұмыс істеу тәртібі бұзылса айыппұл енгізіледі — ІІМ

Елiмiзде ойық ұзын оқпанды атыс қаруы мен iрi калибрлi патрондардың айналымына тыйым салу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов мәлiм еттi. «Қарудың кейбiр түрлерiнiң айналымын мемлекетттiк бақылау» заңына Қазақстан аумағында ойық ұзын оқпанды атыс қаруы мен iрi калибрлi патрондардың айналымына тыйым салу бойынша өзгерiстер енгiзу ұсынылып отыр. Бiздiң ойымызша, елiмiздiң аумағында осындай қаруды пайдалану тек қана аңшылардың пайдалануымен түсiндiрiлмеуi тиiс. Мұндай қарудың нысананы дәлдеп ату мүмкiндiгi снайперлiк атыста пайдаланылады. Сондық…

0
0
373

А.Мырзахметов Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мәселесіне байланысты отырыс өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мәселелеріне орай бейнеконференция режимінде кеңес өткізді, деп хабарлады министрлік. Біріншісі, Каспий теңізінде браконьерліктің кеңінен таралуы және осы маңдағы мемлекеттер арасындағы бақылаусыз балық аулау деректері. Яғни, бұл бекіре тұқымдас балық түрлерін азайтып, өңірде жұмыс істеп тұрған екі балық зауытының жұмысына кері әсер ете бастаған. Сондықтан да, олардың өндірістік қуатын 7-ден 12 миллион шабаққа дейін арттыру және құралдық кешеніне жаңғырту жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлу сұралды. Екіншісі, балық түрлерін қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының материалд…

0
0
351

ІІМ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезiнде заңнаманы бұзатын заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тартуды күшейтеді

Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезiнде заңнаманы бұзатын заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту күшейтiлмек. Бұл норма Қазақстанға келетiн шетел азаматтарын бақылауды күшейту мақсатында енгiзiлiп отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов мәлiм еттi. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезiнде заңнаманы бұзатын заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту күшейтiлуде. Бұл норма Қазақстанға келетiн шетел азаматтарын бақылауды күшейту мақсатында енгiзiлiп отыр. Бұл мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғауды, сондай-а…

0
0
318

Н.Назарбаев Иорданияға қазан айында барады

Иордания қазақстандық астықты жеткізу мен фармацевтика фабрикасын ашу және мұнай өңдеу компаниясын Хашимит королдігіне шақыруға мүдделі. Аталған келiсiм ауыл шаруашылығы, фармацевтика, бизнес, қауiпсiздiк, стандарттау мен метрология, бiлiм-ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, қайта қалпына келетiн энергия, мұнай-газ саласындағы уағдаластықты қамтыған. Атап айтсақ, денсаулық сақтау бойынша фармацевтiк өнiмдер мен олардың тiркелiмi бойынша ақпарат алмасуға келiсiм жасалды. Бұл ретте, Қазақстан тарапы иордандық студенттерге медицина саласы бойынша бакалавриатта оқуға арнайы гранттар бөлу мәселесiн қарастыратын болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың қазанында Иордания королдігіне ресми сапармен барады деп күтілуде. Сондай-ақ, ынтымақтастықты дамыту мақсатында бүгiн елордада қос елдiң өк…

0
0
225

ІІМ Қаруды сақтау және пайдалану ережесiн бұзғаны үшін айыппұл құнын өсіреді

Соңғы үш жылда республикада азаматтық қару-жарақты алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, тiркеу және қайта тiркеу ережелерiн бұзған 45 800 адам анықталып, жауапкершiлiкке тартылды. Осылайша, заңды түрде қару алған азаматтардың әрбiр бесiншiсi жүйелi түрде ереже бұзады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов жеткiздi. «Заң жобасында тегiс ұңғылы азаматтық қару-жарақ айналымы мен оны пайдалану ережелерiн бұзуға қатысты жауапкершiлiктi қатаңдатуға бағытталған өзгерiстер қарастырылған. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексте азаматтық қызметтiк қару мен оның оқ…

0
0
824

Қазақстан Иорданиямен ауыл шаруашылығы саласындағы өз тәжірибесімен бөліседі

Иордания ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанның тәжірибесін қабылдайтын болады, деп ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының төртінші сессиясында мәлім етті. «Бүгінгі күні Иордания Таяу Шығыстағы біздің еліміздің ең жақын және сенімді одақтастарының бірі болып табылады . Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттары ретінде фармацевтика, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық ынтымақтастық және туризм анықталды»,-деді А. Мырзахметов. Вице-премьердің айтуы бойынша, делегациялардың кездесі барысында сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер қарастырылды, сондай-ақ, ауыл шаруашылық сала…

0
0
335

Аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның басталғаны туралы хабарлады

А.ж. 7 қыркүйекте Егіндікөл ауданында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  бастамашылық еткен  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алғаны туралы брифинг өтті.

Іс-шараға қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен аудан әкімі                   Н. Төлепов сөйледі, ол жиналғандарға аудан әкімі аппаратының  ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша қолданып отырған шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, брифингке қатысушылар Сыбайлас жемқолыққа қарсы марафон аясында 7-20 қыркүйек аралығында Егіндікөл ауданында өтетін іс-шаралар туралы таныстырылды.

Іс-шараға 21 адам қатысты.

     

Департамент госслужбы

0
0
407