Жаңа оқу жылына –жаңа жоспарлармен!
Бүгін облысымыздың білім басқармасының ұйымдастыруымен «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде«Поколение+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру» семинары өтті.

Семинарға қатысқан ұстаздар, оқушылар, ТжКО ұйымдарының директорлар орынбасарлары облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанынан құрылған «Жас шебер» және «Жас археолог» үйірмелерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. «Поколение+» жобасының іске асырылуында технологиялық колледж студенттерінің тәжірибесі қызығушылық туғызды.Сонымен қатар олар өңіріміздегі Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуының негізгі бағыттары жайлы, Жастар бастамаларын дамыту орталығының клубтары және жоспарланған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат алды.
Барлық сөз алғандардың арасындағы негізгі ойы еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығын жас ұрпақ шығармашыл, креативті әрі жоғары ұйымдастырушылық және идеологиялық деңгейде қарсы алуға дайын екендігі жайлы болды.
