Кадет корпусының 300-ге жуық тәрбиеленушісі ант қабылдады
Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында 2016 жылы қабылданған бірінші курстың кадеттерін әскери антқа келтіру жөнінде салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініңң баспасөз қызметі. Қазіргі кездегі әскери антқа келтіру рәсімі кадеттер үшін атаулы күн болып есептелінеді. Себебі, олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кадет корпусының құрылуының 20 жылдығында оқуға түсті. Салтанатты жағдайда 282 кадет әскери ант қабылдады. «Ақмола облысы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткерлері, Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов секілді батырларын мақтан тұтады. Олар өздерінің ұстанымдарына берік жалынды патриоттар, өз өмі…