ШҚО мен ҚХР ШҰАА Ынтымақтастық жол картасының 8 бағытын талқылады
Шығыс Қазақстан делегациясы Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үрімшіде өтіп жатқан «China-Eurasia Expo 2016» халықаралық көрмесіне қатысты. Шара аясында ҚХР ШҰАА бизнес қоғамының өкілдері және Халықтың Үкімет жетекшілігімен келіссөздер өткізілді.

ШҚО ақпараттық орталығының мәліметінше, «Сhina-Eurasia Expo 2016» көрмесі ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданы Үрімші қаласында «Жібек Жолы: мүмкіндіктер мен болашақ» тақырыбында өтіп жатыр. Аталмыш шараны өткізу, ұйымдастырушылардың айтуынша, Қытай мен Азия, Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
«Сhina-Eurasia Expo» халықаралық көрмесінің қатысушылары азық-түлік өндірісі бойынша экспозицияларын таныстырды, оның ішінде ауыл шаруашылығы, логистика, ақпараттандыру, автоиндустрия бар. Қытай тарапы 14 бағытты таныстырды.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Сhina-Eurasia Expo» мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық форумында Шығыс Қазақстан «Еуразия тоғысында» орналасқандықтан «Жібек Жол» экономикалық белдеуінің жүзеге асуына ерекше мән беретінін айтты.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
