Мазмұнға өту

Жаңа

Сенаторлар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге түзетулерді қарады

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің осы сессияның басындағы алғашқы отырысы жаңадан сайланған комитет төрағасы Бірғаным Әйтімованың басшылығымен өтті. Отырыста «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Үкім…

0
0
501

ЭКСПО қоғамдық тамақтану нысандарына байқау өткізеді

ЭКСПО қазан айының соңына дейін қоғамдық тамақтану операторларын іріктеу бойынша байқау жариялайды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев брифинг барысында мәлімдеді. «Қазан айының соңына дейін Ұлттық компания көрме кезінде шара алаңында қоғамдық тамақтану нысанын салу үшін операторларды іріктеп алуға ашық байқау жариялайды. Біз 30 мейрамхана мен 14 қоғамдық тамақтану киоскісін салуды қарастырып отырмыз. Көрменің форматын ескере отырып, адам саны көп болатындығы күтілуде, осыған орай, әлем асханалары мен республика асханасының әртүрлілігін паш ету жоспарланып отыр», - деді Д.Еркімбаев. Оның айтуынша, байқау қазан айынан бастап жылдың соңына дейін жалғасады. «Келесі жылдың басынан бастап аталмыш нысандар бойынша көрме алаңында жөн…

0
0
668

Беларусь Республикасында қазақстандық автордың «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабын жоғары бағалады

Минск қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы іс шарасы аясында ҚР-дың БР-дағы Елшілігімен Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Л.С.Ахметованың «1941. Брест қамалы. Қазақстан» атты кітабының автордың қатысуымен тұсау кесері ұйымдастырылды. ҚР СІМ хабарлағандай, тұсаукесерге БР Ұлттық Жиналысының депутаттары, атақты саяси және қоғам қайраткерлері, соның ішінде Қазақстанның Достар клубының мүшелері, академиялық шеңбер өкілдері, қазақ диаспорасы, жергілікті тарихшылар, жазушылар мен тілшілер, сондай-ақ Қазақстандық курсанттар қатысты. Өзінің сөйлеген сөзінде ҚР Елшісі Е.Бөлегенов аталған еңбектің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында жарық көруінің маңыздылығын айтып және Л.Ахметованың к…

0
0
518

«Самұрық-Қазына» қорының 13 активі электрондық сатуға шығарылады

2016 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда «Самұрық-Қазына» АҚ екінші тізіміндегі 13 активті электрондық аукцион әдісімен сатуға шығару туралы шешім қабылданды.Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, осы әдіспен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 7 ұйымы сатуға шығарылады:«Бас-Балхаш 2004» ЖШС, «МАК-Экибастуз» ЖШС, «Көлік қызметтерінің орталығы» ЖШС, «Рауан Бурабай» ЖШС мен «Магистраль-Қызметi» ЖШС-нің 100% үлесі; «КазЭлектроПривод» БК» ЖШС-нің 50% және «Аймақтық форвардтық логистика» ҚБҰ-ның 90% үлесі.Электрондық аукцион арқылы «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның «Омега» құрал жасау зауыты» АҚ мен «832 көлік жөндеу зауыты КИ» АҚ-ның 100% үлесі, сондай-ақ, «ЗИКСТО» АҚ-ның 42,13% үлесі.«Бірлескен химия компаниясы» АҚ электр…

0
0
347

Астанада 14 электр энергетикалық нысаны жаңғыртылады

2016 жылдың 8 айында, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 31 іс-шарада жалпы сомасы 756 509 000 теңгенің 31 келісіміне қол қойылды. 395 153 000 теңгелік 14 іс-шара толық орындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 2014-2016 жылдары орташа мерзімдік кезеңге бекітілген ауқымды бағдарламалардың «Астана-Энергия» АҚ электр энергетикалық нысандарын қайта жөндеуге, жаңғыртуға және жаңартуға, сонымен қатар, тұтынушыларды тарифтерден түскен қаржыны мақсатты пайдалану туралы ақпараттандыруға бағытталғанын айта кеткеніміз жөн. Орташа мерзімдік кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 2 млрд 192 млн теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, биыл бірқатар басымды міндеттер кезең-кезеңмен атқарылды, нақтырақ айтқанда, тозған жабдықтар ауыстырылып, жылу энергиясын өндіру ұлғайтылып…

0
0
241

Қазақстандағы медициналық ұйымдарда АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілуде — ДСӘДМ

Қазақстандағы эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде медициналық ұйымдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупі барынша төмендетілді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда еліміздің барлық стационарлары мен емханаларында инфекциялық бақылау бағдарламалары бар. Сонымен қатар, медициналық бұйымдар мен инфузиондық ерітпелерді бір рет қолдану қамтамасыз етіліп, жеке қорғану заттары және т.б. қолданылуда. Сонымен бірге, эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейту, сондай-ақ, АИТВ-ны кәсіби жұқтырудың профилактикасы мақсатында 2015 жылы «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ Бұйры…

0
0
408

Н.Нығматулин: Экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болады

Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты тақырыптағы дөңгелек үстел барысында экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болатындығын айтты. Мәжіліс Спикері терроризмге қарсы күресте бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын айтып өтті. «Әлемде және елдегі оқиғалар көрсеткендей, терроризм ұлтқа, дінге, шекараға байланысты емес, сондай-ақ, ол барлық өркениетке ортақ қауіп туғыза алмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең мәртебелі мінберлерден сөз сөйлегенде халықаралық терроризм қауіпінің артуы мен онымен күрес кезінде нақты шаралар қабылдау керектігі туралы ескерткен болатын. Өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамбле…

0
0
664

ДСҰ ішкі салықтың есептелу әдісіне ықпал етуді бастады – ҚР ҰЭМ

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі iшкi ережелерге, салықтың есептелуi мен салық салу әдiстерiне ықпал етуде, деп ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Салық салудың өзектi мәселелерiне арналған конференция барысында мәлiмдедi. «Салықтық жеңiлдiктерге келетiн болсақ, бiздiң iшкi ережелерге, салықтың есептелуi мен салық салу әдiстерiне ықпал етiп жатқан жүйе - ДСҰ. Дүниежүзiлiк сауда ұйымының басты ұстанымының бiрi - жанама салықтардың бейтараптығы. Яғни, бiз отандық өндiрушiлердiң бiрiн босатсақ, бiз тауарларын импорттағысы келетiн шетелдiк өндiрушiлерге тең жағдай жасауымыз керек. Бұның керi ықпалы да бар. Бiз импорттық тауарларды ҚҚС-тан босатсақ, сәйкесiнше отандық өндiрушiлердi де босатуымыз керек. Осыған қарапайым шешiм ұсынамыз. Бiз барлығына бiрдей жағдай жасауы…

0
0
345

Н.Нығматуллин: Заң — қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек

Заң - қоғамның талаптарына сай болып, террористік қауіпке қарсы тұра алуы керек, деді бүгін өтіп жатқан «Қазіргі замандағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу және бұлтартпаудың заңды және институционалдық шаралары» дөңгелек үстелде, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин. Н. Нығматуллиннің айтуынша, соңғы кездегі болған оқиғалар экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ миграциялық процестердегі қару-жарақ айналымына қатысты қолданыстағы заңнама жетілдіруді қажет етеді. Мұнымен қоса, Мәжіліс спикері депутаттар мен Мәжіліс қарауына түсетін заң жобаларын кеңінен талқылау қажет екендігін баса айтты. Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы терроризм және экстремизм туғызатын себептерді жоюдың маңыздылығын атады. Қазіргі экстремистік және террористік белгілерге құқықтық әрек…

0
0
490

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтық жеңілдіктер енгізу жоспарлануда

Қазақстанда экономикалық дағдарыс жағдайында жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтық жеңілдіктер енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев Салық салудың өзектi мәселелерiне арналған конференция барысында мәлiмдедi. «Бүгінгі күні мұнай өнеркәсібінде экономика өзгерді және осы жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар үшін алдағы уақытта салық режимі өзгеруі мүмкін. Мұнай бағасының ұзақ мерзімді деңгейі қандай болатыны белгісіз. Дегенмен, алдағы 5-7 жылда оның бағасы бұрынғыдай болатыны екіталай. Біз жаңашылдыққа аяқ бастық, өндіруші сектор мен жер қойнауы секторынан Ұлттық қорға түскен салықтар, түсімдер толықтай өзгерді»,-деді Қ.Бишімбаев. Министрдің айтуынша, кәсіпорындарда инвестицияны жасау үшін толық ресурстар жоқ. «Қазақстанда жер қойнауын табуда өз…

0
0
374