Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас кәсіпкер мектебі»

Баянауыл ауданында жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі және «Жастар орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, Баянауыл ауданының Аграрлық-техникалық коледжінің студенттері және аудан жастарының қатысуымен «Жас кәсіпкер мектебі» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында «Жастар бастамаларын дамыту ортылығы» КММ-нің бизнес-тренеры Мамыканов Азат «Ауылды аймақта іске асырылатын Startup-идеялар байқауы» туралы масстер-класс өткізді.

Мастер-классқа қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын көрсетіп, потенциалды инвесторларымен танысуға мүмкіндік алды. Кездесу жастардың көңілінен шығып, өздерінің толықтырылмаған ақпараттарын сұрақтары арқылы толықтырып, көптеген пайдалы мәләмет алды.

«Жастар орталығы» КММ директоры Р.Ильдин

0
0
475

Осы тақырып бойынша

«Жас кәсіпкер мектебі» - Yvision.kz