Мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі аясындағы Қазақ-түрік форумы

Астана. 2016 жыл. 21-шы қыркүйек. ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ мен Istanbul PPP Cente rof Excellence (Түркия МЖМӘО) бірлесе отырып мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі аясында жүзеге асатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша қазақ-түрік форумын өткізді. Басқосуда Түркия мен Қазақстанның осы бағытта атқарған жұмыстарына сараптама жасалып, ол жобаларды қаржыландыру және сапалы басқару жағдайы талқыланды. Жиынның басты мақсаты, тиімді инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қабілетті инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізілді.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев отандық экономиканы дамытуда өз елімізден және әсіересе шетелден инвестор тарту мәселесіне ерекше ден қойып келеді. Осы орайда мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі механизмі елбасының тапсырмасын орындауда екіжақты тиімді тетік екені сөзсіз. Егер инвестор белгілі бір әлеуметтік-экономикалық маңызы зор жобаға қаржы салған жағдайда мемлекет бұл ретте кепілдік береді. Осы арқылы бизнес мемлекет кепілдігімен салған қаржысына алаңдамай іске асыра алады, ал экономика бюжеттен тыс қаржыландырудың көзін табады. Ондай мысалға келтірер деректер мен дәйектер бүгінгі өткен форумда көп айтылды.

Сонымен қатар осы басқосуда Қазақстандағы мемлекеттік – жеке меншік әріптестіктің көкейкесті проблемалары да сөз талқысына түсті. Осы жағдайда көптеген жылдар бойы өзінің тиімділігін көрсетіп келген түркиялық механизмді өндіріске енгізудің жолдары қарастырылды. Сонымен қатар форум барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ мен Istanbul PPP Cente rof Excellence (Түркия МЖМӘ) орталығы арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің ықпалын бірлесе арттыра отырып, әлеуметтік маңызы бар МЖӘ жобаларының ең тиімді салаларына инвесторлардың қызығушылығын арттыруға ықпал етуге бағытталған.

Бизнесте сенімді серіктес болуға және экономикада ниеті бір әріптес табуға Астанада өткен форумға 10-нан астам Түркияның ірі инвестициялық компаниялары қатысты. Оларға мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асып жатқан жобалары таныстырылып, оны бірлесе іске асыруға қатысты нақты ұсыныстар айтылды.
Осы орайда өткізілген басқосуда Түркияның, Қазақстанның және халықаралық әріптестік ұйымдарының беделді сарапшылары мен білікті мамандары баяндама жасап, мұндай әріптестіктің келелі мәселесін, проблемасы мен болашағы хақында пікірлерін талқыға салады.

Форумды ұйымдастырушылар:
«Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ мен Istanbul PPP Center of Excellence (Түркия МЖМӘ орталығы)
Анықтама үшін телефон: ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ баспасөз қызметі
+7/ 7172/ 70-17-24 +77017013450
