Ақындар хақында
Қасиетті Құран-Кәрімнің «Шұғара» («Ақындар») сүресінде «Ақындарға азғындар ереді... Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер басқа» делінген. Осыдан-ақ ақындардың діндегі рөлі айқындалғандай. Ал бұны қолына қалам алғандардың өзі біле ме?! Сұрақ осында... Қазіргі таңда махаббатты жырлағыштар көп (оның ішінде өзім де бармын). «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?» деп Абай атамыздың Алла мен адамға деген махаббатты қатар қоюының өзінде бір сыр бар екенін кеш аңғаратынымыз қандай өкінішті... Қазақтың бас ақыны «адамды есің кеткенше жақсы көр, өліп-өшіп сүй» деп емес, «адамды Алланың разылығы үшін жақсы көр» деген сияқты еді... Біз не істеп жүрміз?! Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтуынша «Қиямет күні Алла былай деп бұйырады: Менің әміріме бойұсынып, бір-бірін жа…