Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Президенті Қостанай облысының ресурстық әлеуетіне және дамыған өнеркәсібін бағалады

Елбасы Қостанай облысы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Облыстық филармония ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев өңір жұртшылығының танымал өкілдерімен кездесті.

Басқосуға өз ісінің кәсіпқой маманына айналған әртүрлі қызметтегі азаматтар, еңбек сіңірген ардагерлер, жастар лидерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Мемлекет басшысы жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, республиканың елеулі жетістіктерін атап өтті.

«Біздің барлық жетістігіміз мықты іргетасқа – ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген. Ұлттық бірлік пен келісім – Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі. Саясатта, экономикада, қоғамда, мәдениетте түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекетіміздің халықаралық беделі айтарлықтай артты. Атап айтқанда, сындарлы сыртқы саясатымыз және әлемдік антиядролық қозғалыстағы барша жұрт мойындаған көшбасшылығымыз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қабылдануына септігін тигізді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміз ширек ғасырда әлем жұртшылығына танылып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әлеуетіміздің артуына септігін тигізген ауқымды нәтижелерге қол жеткізгеніне тоқталды.

«Келер жылы Қазақстан «ЭСКПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ТМД аумағында бірінші болып өткізгелі отыр. Бұл іс-шараға 100-ден астам ел және көптеген халықаралық ұйымдар қатысады. Қазақстанның әрбір өңірі осы тарихи оқиғаны табысты өткізуге қомақты үлесін қосуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай жері Қазақстанның негізгі астықты аймағының бірі екенін айрықша атап айтты.

«Дамыған тау-кен және машина жасау секторлары бар ірі аграрлық-өнеркәсіп кешені осы өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де мықты экономикалық база болып саналады. Қостанай – ауыл шаруашылығы дамыған басты өңірлердің бірі, бұл өңір еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосуда. Облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 25 жыл ішінде 295 миллиард теңгеге дейін өсті», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ өңірдің ресурстық әлеуетіне және дамыған өнеркәсібіне назар аударды.

«Мұнда асбест қорының 100%-ы, республикадағы алюминий шикізатының  98%-дан астамы және темір рудасының 93%-ы шоғырланған. Индустрияландыру жылдарында облыста 121 миллиард теңге инвестиция тартылған 82 жоба іске қосылды. Осыған орай 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру автомобиль құрылысы мен металлургия сияқты өңдеу өнеркәсібінің жаңа секторларын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды. 2010 жылдан бері 29 мыңға жуық жеңіл автокөлік құрастырылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы өңірдің көлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Облыс тұрғындары үшін «Алтынсарин – Хромтау» және «Арқалық – Шұбаркөл» бағытындағы жаңа теміржолдар құрылысы маңызды оқиға болды. Бұл әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін берді. 25 жыл ішінде өңірде 5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Қостанайлықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге ұдайы көрсетіп отырған қамқорлығы және тиімді мемлекеттік саясаты үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ кездесу барысында Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы жиналған қауымды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, оларға береке-бірлік пен табыс тіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
559

Алматыда жаңғыртылған цех айына 720 мың тонна шай өндіретін болады

Алматыда түйіршіктелген шай өндіру үшін жаңғыртылған цех іске қосылды, сонымен қатар «Үйдің жанындағы ферма» әлеуметтік дүкені ашылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Осылайша, 500 млн теңге тұратын түйіршіктелген шай өндіру және орау бойынша жаңартылған цех іске қосылды. Оның жаңғыртылуы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында өткізілді. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорын жартылай құралдарды сатып алу үшін несие бойынша субсидияланған пайыздық төлем алды және ол өндірістік қуаттылықты 20 пайызға арттыруға түрткі болды. Ендігі күні цех айына шәй өндіруді  600-ден 720 тоннаға дейін арттырды. Бұл Қазақстандағы шәй нарығының шамамен 40% үлесі. 300 қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорын Қырғызстан, Ресей, Беларус және Моңғолияға тауарларын экспорттайды.

Сонымен қатар, Алматыда «Үйдің жанындағы ферма» атты жаңа әлеуметтік жоба бастама алды. Оның тұжырымдамасы - жақын халыққа жоғары сапалы өнімді іске асыруды көздейді.

Әкімдікте айтып өткендей, дүкен сөрелеріндегі өнімдер шаруа қожалықтарынан тікелей жеткізілетін болады, осылайша импорт алмастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар бағаны 20 пайызға төмендетеді. «Үйдің жанындағы ферма» атты арнайы дүкендерде қазақстанда өндірілген ет, балық, қышқыл сүт және кондитер өнімдері сатылатын болады.

Сондай-ақ, дүкенді тұрғызу кезінде «жасыл» технологиялар пайдаланылды: нысан табиғи ағаштан жасалған, сонымен қатар энергия үнемдейтін жарықтандыру пайдаланылған. 2020 жылдың соңына дейін қалада 27 «Үйдің жанындағы ферма» дүкенін ашу жоспарланған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
732

Б.Бекназаров: Құжаттардың басым бөлігі жеке сот орындаушыларына беріліп жатыр

Жеке сот орындаушыларының құзыретіне құжаттардың басым бөлігі беріліп жатыр, тек мемлекет назарындағы жер учаскелерін алу, сыру және үйден шығару мәселелері бойынша құжаттар тапсырылмады. Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Сот актілерін орындауды заңнамамен қамтамасыз ету. Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында айтты.

«Атқарушы өндірісті қайта жаңғыртудың басты жетістігі  биыл  Халықаралық сот орындаушылары одағының құрамына  жеке сот орындаушыларының қабылданғаны болды. Жалпы, жеке сот орындаушысының  қазақстандық моделі  атқарушы өндіріс жүйесінің   құрамына  қосылуда», - деді Б.Бекназаров.

Палатаның вице-спикері айтқандай, Ұлт жоспары-  «100 нақты қадам»  аясында 27- қадам  қарастырылған , ол жеке сот орындаушыларының қызметін  дамытуды одан әрі қамтамасыз етіп, мемлекеттік сот орындаушылары  санының біртіндеп  азаюын қадағалайды.

«Бұл орайда жеке сот орындаушыларының құзыретіне  атқарылатын құжаттардың басым бөлігі беріліп жатыр, тек мемлекет  назарындағы  жер учаскелерін алу, сыру және үйден шығару мәселелері бойынша құжаттар тапсырылмады», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет меморгандардың  ақпараттық жүйелерінде  тұлғалық мәліметтер  заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті   арттыру бойынша  жеке сот орындаушыларының  тиімділігін қамтамасыз ету үшін  бірқатар шаралар қабылдап жатыр.

«ЖСО олардың жұмысында  коллекторлық ұйымдардың теріс  әдістері жіберілмеуі керектігін ескеркені дұрыс», - деді Б.Бекназаров.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
567

Қазақстан мен Мажарстан ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроқұзырет орталығы мен мажарлық «Lac Holding» холдинг арасында ынтымақтастық туралы меморандум орнатылды.

Меморандум  ауыл шаруашылығы өндірушілері  арасында  озық білім түрлерін тарату әдістерін жетілдіру  мен зерттеу,  ауыл шаруашылық салаларын жетілдіру,  АӨК субъектілеріне  білікті мамандандырылған  консультативтік  қызметтерді ұсыну  туралы екіжақты  байланыс орнатуға бағытталған.

«Меморандум аясында біз фермерлерге арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз   агроөндірістік кешен субъектілерін қолдаудың  озық халықаралық  ақпараттық  әдістерін қолдану. Меніңше, қазіргі кезде меморандум  Қазақстан-Мажарстан  экономикалық байланысын нығайтып,  ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында байланыс орнатады», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  Агроқұзырет орталығының  директоры Төлеутай Рахымбеков.

«LAC HOLDING»  ірі мажарлық компаниясының құрамында 50-ден астам кәсіпорын шоғырланған. Холдингтің  ауыл шаруашылығы саласында  көпжылдық тәжірибесі бар, атап айтсақ, агроөндірістік кешен үшін кадрларды дайындау мен қайта дайындап шығаруды жүзеге асырады.  Холдинг құрылымындағы   жоғары білікті мамандандырылған   тәлімгерлер  ауыл шаруашылығы саласында білімді тарату  бойынша   ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді.

«Бізде   Қазақстан Республикасымен ұзақмерзімді жоспар  бар, Республиканың ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру мен дамытуда ынтымақтастықты көздеп отырмыз. Мажарстан  ауыл шаруашылығы саласында озық  білім базасына ие,  елде білімді мамандар баршылық, білім беру саласы кез келген саланың негізінде жатыр.  Біз аталмыш бағдарламаға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл меморандум екі елдің арасындағы байланысты күшейте түсіп, ынтымақтастығымызды арттырады деген үміттеміз», - деді Қаақстандағы Мажарстанның төтенше және өкілетті елшісі  Андраш Бараньи.

Айта кетейік, Агроқұзырет  орталығы «LAC HOLDING» сарапшыларымен  ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігінің  АӨК субъектілерін  ақпараттық қамсыздандыру   бойынша мемлекеттік білімін жүзеге асыру бойынша  бірге жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік,  «Атамекен» ҰКП Агроқұзырет орталығын құру шешімі  2016 жылдың 16 маусымында «Атамекен» ҰКП-ның кезекті съезі барысында  ҚР АШМ мемлекеттік білімін тиімді жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
504

Мәжілісте бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер талқыланады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палата депутаттары назарына бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.

Заң жобасының негізгі мақсаты еліміздің монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру және Қазақстандағы бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты одан әрі күшейтіп, оның нормаларын ең озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру.

Сондай-ақ, Мәжіліс осы күні «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдайтын болады.

Париж келісімі орнықты даму саласындағы мақсаттарға жетуге ықпал етеді және шығарындыларды азайту мен климаттың өзгеруіне тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін шаралардың «жол картасы» болып саналады.

Сонымен қатар, Бюро отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму  комитетінің  Алматы  облысында,  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қостанай облысында көшпелі отырыстарын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
440

ҚР Премьер-Министрі Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесу  барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

Қазақстан 1992 жылдың шілде айынан бері Дүниежүзілік банктің мүшесі болып табылады. Осы уақыт ішінде 45 жобаны қаржыландыру мақсатында Банк Қазақстанға жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
382

ҚР Президенті Қостанай облысында шығарылатын электромобиль үлгілерімен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдағы «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кондитерлік фабрикадағы бисквит цехы өндірісінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, кәсіпорынның басымдығы бар жобалары мен дайын өнім үлгілері Елбасы назарына ұсынылды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті тамақ өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі өнімдері көрмесінің  экспозициясын аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірдегі ірі кәсіпорындар шығаратын электромобиль үлгілерімен танысты. Олар «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Қазіргі таңда кәсіпорында 1,5 мыңдай адам еңбек етеді. Кәсіпорын өз тауарын Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Қытай және т.б. бірқатар елдерге экспорттайды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
473

Канаданың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады – ҚР СІМ

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Канадаға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Келіссөз барысында Канаданың сыртқы істер министрінің м.а. Ли Сарти Оттавада екі жақты қарым-қатынастың ағымдағы жағдайы мен келешегін, визалық режимді жеңілдету мәселелері және ЭКСПО-2017 көрмесіне канадалық компанияның қатысуы талқыланды.

Р.Жошыбаев Қытайда өткен G20 Саммиті алаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Канаданың Премьер-Министрі Джеймс Трюдомен кездесуінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Кездесу аясында Мемлекет басшысы оны 2017 жылы Астана қаласына шақырды. Көрме комиссарының айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесінде канадалық компанияның қатысуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа деңгейге  шығуға мүмкіндік  береді.

Сонымен қатар, СІМ ақпараты бойынша, Канаданың іскерлік астанасы Торонтода Р.Жошыбаев мамандандырылған «дөңгелек үстелдің» отырысына қатысып, «Қазақстан және Канада. ЭКСПО-2017 аясында Еуразиядағы  канадалық іскерлік қауымдастық пен «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесі  ұйымдастырған ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты бизнес мәслихатта сөз сөйледі.

«ЭКСПО-2017» комиссары бизнес-қоғамдастықпен көрмеге дайындық мәселелері мен олардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Канадалық тарап «Болашақтың энергиясы» атты тақырыптық көрмеге қатысуға ниет білдірді.

Канадада шамамен 80 пайыз  электр баламалы  көздер есебінен өндіріледі. Сол себепті ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы оларға жақын келеді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, көптеген канадалық компаниялар Астана көрмесіне дайындығын айтып,  ЭКСПО-2017 алаңында келесі жылы «Қазақстан-Канада» Іскерлік Кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайын екендіктерін айтты.

Сапар барысында Р.Жошыбаев Канаданың ірі туристік компаниялары үшін өткізілген «ЭКСПО-2017» роуд-шоуына да қатысты. Кездесу барысында туризм  саласында тәжірибемен бөлісу мәселелері, канадалық туроператорларды ынтымақтастыққа тарту және ЭКСПО-2017 көрмесінде туристік  топтамаларды  іске асыру мәселесі талқыланды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
648

Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды

2005-2015 жылдары Қытай Қазақстанға 13 млрд долларға жуық инвестиция құйған, деді Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің бизнес форумы барысында «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғоразов.

«Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 2 мыңға жуық компания жұмыс iстейдi. 2005-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына Қытай инвестицияларының жалпы ағымы 13  млрд-тан астам  АҚШ долларын құрады және осы көрсеткiште үздiк 5 инвестор қатарына кiредi», - деді Б.Жанғоразов.

Оның айтуынша,  өзара сауда жасауға қызығушылық артып келеді.

«Өзара сауданы жүзеге асырудың мүмкіндіктері өте көп, Қазақстан мен Қытай экономикасы  сәйкес  бола алады. Қазақстан Қытайға азық-түлік жіберуді жүзеге асырады, себебі Қытайда аталмыш тауарларды климаттық жағдайға байланысты өсіру қиын. Біз Қытайға  шикізат жеткізе аламыз», - деді Б.Жанғоразов.

Сондай-ақ, компания жетекшісі  бағдарламаның индустриялды-инвестициялық  ынтымақтастығын атап өтті.

«Қазір оның құрамына  26 млрд доллардың 51 жобасы еніп отыр. Бұл бағдарлама бойынша  2 өндіріс  іске қосылды. Бұл Павлодардағы полипропилен өндірісі зауыты мен  Қостанайда автомобиль жинайдын кәсіпорын. Биыл тағы 4 жобаның құрылысы басталады. Астанада көлік жүйесін салу, өсімдік майы мен шағын автомобильді құрастыру кәсіпорыны. Келесі жылы тағы  3 ірі жобаның құрылысы басталады», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
571

552