Жамбыл облысында 25 жыл ішінде 102 білім беру нысаны ашылды
Жамбыл облысында 25 жыл ішінде 102 білім беру нысаны ашылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мәлімдеді. «Еліміздің тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде денсаулық саласына үлкен көңіл бөлінді. Жамбыл облысында «100 мектеп, 100 аурухана салу» аясында құны 18,8 млрд. теңгеге 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Оның ішінде елімізде аналогы жоқ облыстық қан орталығы да бар», - деді Е.Манжуов. Сонымен қатар, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасы аясында жоспарланған 1,8 млрд. теңгеге 25 денсаулық нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Денсаулық саласын қаржыландыру көлемі өсіп, 2005 жылы – 9,2 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы - 40 млрд. теңге…
