Е.Ыдырысов ИЫҰ мүшелерін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ислам ұйымын қолдауға шақырды
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ғылым, технология және инновациялық заңнамалар мәселелері бойынша Азия Парламентаралық форумына қатысушы мемлекеттерді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ислам ұйымын қолдауға шақырды.

«Мен барлықтарыңызды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Ислам ұйымын қолдауға шықырамын. 31 мемлекет осы ұйымның жарғысына қол қойды, ал 5 мемлекет жарлықты ратификациялады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ислам ұйымы толықтай жұмысқа кірісу үшін тағы 5 мемлекет керек. Сол себепті осы мәслихатқа қатысып жатқан мемлекеттерге ұйымның жарлығын бекітуге шақырамын»,-деді Е.Ыдырысов.
Аталмыш ұйымға сауда операцияларын өзектендіруден басқа, мүше елдердің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту және дамыту кіреді , сонымен қатар тәжірибен алмасу және азық-түліктің қауіпсіздігі кіреді.
Азық-түлік ынтымақтастығының мәселесі бойынша Ислам ұйымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. Ол 2011 жылы ИЫҰ үшін Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы барысында айтылды. 2014 жылы Қазақстанның Сенаты ұйымның жарғысы бекітілді.
Е.Ыдырысов сөз барысында Қазақстанның сыртқы саясаты диалог пен өзара түсіністік билігінде еліміздің сенімінің терең-тамырының бір көрінісі болып табылатындығын айтты.
«Диалогқа шақыру Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінің орталық мазмұны болып табылады және ол бұрындары Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның ресми құжаты болды. Манифес әлемге батыл, шынайы көзқарасты ұсынады»,-деді министр.
Аталмыш мәнмәтінде Е.Ыдырысов Мемлекет басшысының әлемде 2045 жылы Ұйымның жүз жылдық жетістіктері бойынша үндеуін еске салды.
Е.Ыдырысов Бас Ассамблеяға ағымдағы жылдың қараша айында Астана саммитін өткізу туралы ақпарат айтты.
Бас Ассамблеяға біздің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын айта келе, Е.Ыдырысов «1991 жылдары кейбір бақылаушылар Қазақстанның көп этникалық және көп халықтық санын, тұрақсыз экономикасын, үлкен материалдық және әскери инфрақұрылымының моральдық ауыртпалығы мен оның ядролық арсеналын ескеріп, біздің еліміздің егемен мемлекет ретінде аяққа тұра алатын қабілеттілігіне күмәнмен қарады»,- деп айтып өтті.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы хабарлағандай, ҚР СІМ басшысы Бас Ассамблеяның 71-сессиясының алаңында Қазақстан-Америка Стратегиялық серіктестігі жөніндегі комиссиясының бесінші отырысына қатысуы Президент Н.Назарбаевтың жаһандық бейбітшілік бастамаларын одан әрі ілгерілету бойынша бастамаларына үлес қосты. Сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сапалы дайындалуға септігін тигізді.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
