Мазмұнға өту

Жаңа

Жүктілікке байланысты ырым-тыйымдар

Түнде шаш, тырнақ алуға болмайды деген тыйымды ес білгелі естіп келе жатырмыз. Бірақ неге екенін ешкім түсіндіре алмайды, тек бұрыннан ата-бабаларымыз жасатпаған, ұрпақтары да олай істемеуге тиіс. Шынымды айтсам, себебі жоқ ырым-тыйымдардың бірін де бала кезімнен орындамай өстім. «Көре-көре косем болсың, ...» демекші, жүре келе жоғарыда айтылған тыйымның тікелей электр қуатының жоқтығы себебінен шаш-тырнақтың асқа түсіп кетпеуін болдырмау үшін айтылғанын естіп, оның қазіргі заманда өзектілігін жоғалтқанын түсіндім. Содан бері әрбір ырымның не үшін айтылғандығына мән беретін болдым, әсіресе жүктілік кезінде әйел мен құрсағындағы баласына қатысты түрлі сенімдердің барына таң болдым. Ең күлкілісі – жүкті әйел балық жесе, баласының тілі жай шығады дейтіндер бар екен. Бұл балықтың құрамында ағзаға қажетті ең құнды дәрумендердің барын білмейтін, балықтың тілі жоқ, оны жесе баланың тілі жәй шығады дегенге ғана санасы жеткен біреудің айтқаны болар деп ойламын (басқа себебін білсеңіз, пікір қалдырыңыз).

Басқа да ырымдарға көз жүгіртіп, талдау жасап көрелік:

-        Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды деп айтады екен: сонда адамның мінез-құлқымен, жүріс-тұрысына 1-2 күннің әсері болады деп ойлаған ба?! Тағы бір нұсқасы – ұлды қырқына жетпей шығарғаны қалыңдығына берер қалың малы аз болсын дегені, қызды асырса, оған келетін қалың мал көп болсын деп ырымдаған екен, мммм онда қызымызды бірааааз қырқынан асыра тұру керек сияқты.

-        Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі: менің ұштанған, күнге күйген, жаман энергияны жинаған шашымның жатырда жатқан баламмен қандай байланысы бар? Мен шашымды қидым, шаштараз да болмайды ғой деді де қия берді, білмейсіздер ма «Жүкті әйелдің шашын қиған шаштараздың қолы жүрмей қалады» деген ырым жоқ пекен?

-        Ана баланы дәретсіз емізбейді: жеке бас гигенасы жайлы тұрмыс құрған, тіпті балалы анаға үйретіп отырған артықтау шығар.

-        Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса – мерзімінен бұрын босанады, бала кіндігіне оралып қалады деп, екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды: тамақ жасамауға, іс тікпеуге сылтау табылды.

-        Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді, әнші болсын деп таңдай жегізеді, құлақ-сирақтарды да мақтап-мақтап беріп қояды: атамыз дәмді жерінің бәрін өзі жегісі келген екен ғой.

-        Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады: әйелдің толғатып жатқанын пайдаланып, сандығына не сақтап жүргенін көріп алатын болды.

-        Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді, баласын түйе сияқты көп уақыт көтереді: жазда шөлдегенде шұбат ішкенім бар, бірақ дәрігерлер мерзімімнен асырып жүргізіп қоймас.

-        Әйел екіқабат кезінде жерігі қанбаса, одан туған баланың аузынан су ағып жүреді: менде жеріктік, дәмету дегеннің бірі де болған емес, бұларды әйелдің еркелігі деп түсінемін.

Бұл байырғы ырымдарды мүмкін қазір көбі ұстанбайтын да шығар, дегенмен аяғы ауыр әйелдер бас қосатын әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін: шашымды қисам бола ма, шашымды, тырнағымды боясам бола ма, балмұздақ жеуге бола ма, тіпті донер жегім келе береді, бола ма деп сұрайтындар да бар. Болмайтын нәрсе жоқ, бәрі болады, жүктілік ол – сырқат емес, тек барлығы ақылға қонарлықтай дәрежеде болуы керек деп ойлаймын.

Халқымыздың ырымдарын келеке етіп отыр деп ойламаңыздар, мүмкін менің әлі білмейтіндерім бар шығар, көзімді ашып, көкірегімді оятамын десеңіздер, пікір білдіремін десеңіздер, қуанышты боламын. Ал болашақ аналарға айтпағым, кез келген ырым-тыйымға бола уайымдай бермей, көңіліңіздің қалауын істеңіз, сіздің көңіліңіз жайлы болса, балаңыздың да аман-есен дамып-жетілері сөзсіз.

Сіздің күлкіңізді келтірген немесе таңқалдырған ырымдар бар ма? Жүктілік кезінде қай ырымды ұстандыңыз? Балаға алдын ала киім-кешек алуға болмайды дегенге қалай қарайсыз? Қызықты пікірлер болса, қуана оқуға дайынмын))).

 
0
0
47896

Еңбек мерекесі – елдің берекесі

2016 жылдың 24 қыркүйек күні Ақжайық ауданында Еңбек күніне арналған «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты шара өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты тәлімгерлердің жастарға жұмыстарын үйлестіруге тәжірибелік көмек көрсету, сонымен қатар идеологиялық және тәрбиелік жұмыстарды жаңғырту, жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін шыңдау, тәртіппен заңдылықты нығайту болып табылады.

Шараға ауданның еңбек ардагерлері, жас мамандары және Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

Салтанатты шара барысында түрлі саладағы үздік жұмысшылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Шара мәдени-көпшілік шаралармен жалғасты.

   
0
0
1959

Еңбек мерекесі – елдің берекесі

24 сентября 2016 года в Акжайскском районе было проведено мероприятие на тему: «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» приуроченный ко Дню Труда.

Целью данного мероприятия является оказание наставниками методической и практической помощи молодому поколению в организации их работы, а также совершенствование идеологической и воспитательной работы, повышения профессионализма молодых сотрудников, укрепление дисциплины и законности.

В мероприятие приняли участие ветераны труда, молодые специалисты района и руководитель управления профилактики коррупции Департамента Б.Хайруллин.

В ходе торжественной части работники отличившиеся в разных сферах были награждены грамотами. Далее мероприятие нашло свое продолжение культурно-массовыми мероприятиями.

   
0
0
368

Теректер отырғызылды

2016 жылдың 24 қыркүйек күні Орал қаласының Астана жəне Жаңа Орда шағын аудандары арасында ағаштар отырғызылды. Шараға облыс жəне қала басшылығы, ардагерлер, «Көршілер-Соседи» халықаралық жастар лагерінің делегаттары, Департамент өкілдері жəне тағы басқалар қатысты.

 
0
0
377

Қ.Тоқаев: Сингапурдың экономикалық тәжірибесі -Қазақстан үшін маңызды үлгі

Сингапурдың экономикалық тәжірибесі 30 дамыған ел қатарына кіруді мақсат етіп жүрген Қазақстан үшін маңызды үлгі, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгті жоғарғы палатада таныстыру барысында.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен   Қазақстанға Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі,  Құрметті жоғарғы министрі Го Чок Тонг сапарлап келді. Бүгін сапар аясында  Парламент депутаттарымен кездесу мүмкіндігі туды. Биылғы жылдың көктем мезгілінде  парламенттік делегацияның Сингапурға сапарлауы  кезінде Сингапур Президенті  Тони Там Кен Ям, Сингапурдың  парламент  спикері  Халима Як және құрметті жоғарғы министрі  Го Чок Тонгпен кездесулер өткізілген болатын. Кездесуде  Го мырза Сенат депутаттары алдында сөз сөйлеуге келіскен болатын», - деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы айтқандай, Го Чок Тонг  Сингапурдың негізін  қалаушы Ли Куан Юдің ісін жалғастырушы.

«1990 -2004 жылдар аралығында Го Сингапур Үкіметін басқарған болатын, оның басшылығымен ел экономикалық дамыған әрі саяси тұрақталған мемлекетке айналды. Го мырза Сингапурдың алғашқы премьер-министрі,  негізін қалаушы  Ли Куан Юдің  ісін жалғастырды. Ол премьер-министр болып тұрған кезеңде жалпы ішкі өнім адам басына шаққанда  22 мыңнан 44 мың долларға дейін өсті. Бүгінде Сингапур Республикасы әлемнің ең бай елдерінің  ондығына кіреді. Жүзеге асқан өзгертулер «сингапурлық ғажайып» атағына ие болды», - деді Қ.Тоқаев.

Сенат Спикері атап өткендей, Сингапур  Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі екендігін атап өтті.

«Сингапурдың экономикалық тәжірибесі  30 дамыған ел қатарына кіруді мақсат етіп жүрген  Қазақстан үшін маңызды үлгі», - деді ол.

Қ.Тоқаев Қазақстанда Сингапур жоғары деңгейде дамыған, көп ұлтты мемлекет ретінде шынайы құрметке ие екенін атап өтті. Сингапурдың тұңғыш Премьер-министрі Ли Куан Ю 1991 жылы Қазақстанға келгені, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1996 және 2003 жылдары Сингапурға сапарлары екіжақты байланыстардың берік негізін қалады, сондай-ақ алдыңғы саптағы мемлекетті құруда Сингапур тәжірибесін мұқият зерделеудің мүмкіндігіне ие болды.

Төраға Қазақстанның саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі, сондай-ақ еліміздегі бес институттық реформаны іске асырудағы ұлт жоспарының орындалуы туралы әңгімеледі. Сенат Төрағасының сәуірдегі Сингапурға сапары барысында жаңа деңгейге көтерілген екіжақты парламентаралық байланыстары кездесу барысында жоғары бағаға ие болды.

Қазақстанда Парламент Төрағасы Халима Якоб бастаған сингапурдың жауап ретіндегі сапары күтілуде. Сингапурлық саясаткер өз кезегінде Қазақстан Орталық Азиядағы аса маңызды мемлекет екенін, оған Сингапурдың негізін салушы Ли Кун Ю назар аударғанын атап өтті.

Го Чок Тонгтың айтуынша, оның Астанаға сапарының мақсаты АСЕАН, Қытай және Үндістан аймағында басым шоғырланған сингапурлық бизнестің назарын Қазақстанға аудару болып табылады. Бұл тұрғыда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі зор мүмкіндіктер туғызады. Құрметті аға министр екі елдің бизнес саласындағы делегацияларының алмасуларына ықпал етуді маңызды деп санайды. Сонымен қатар Сингапур мемлекеттік мекемелерді жекешелендіруді жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Мейманның пікірінше, саяси институттарды нығайтуды, салық жүйесін және басқа да бағыттарды жетілдіруді білдіретін «жұмсақ инфрақұрылым» («soft infrastructure») салаларын дамытуда екі елдің мемлекеттік аппараттары арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор.

Оған «Назарбаев университеті» мен Ли Кун Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі арасындағы әріптестік өзара іс-қимылдың тамаша үлгісі болып табылады. Го Чок Тонг сонымен қатар Сингапур тарапы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы арқылы екі экономиканың өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеп жатқанын хабарлады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1084

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында республика сот жүйесінің дамуы туралы көрме жұмысы жалғасуда

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйектен бастап Астана қаласындағы тәуелсіздік сарайында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты көрме өз жұмысын бастады. Бүгінде көрмені елорданың 1100-ден астам тұрғыны мен қонақтары тамашалап үлгерді. Олардың арасында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, жоғары сынып оқушылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері бар.
Көрмені Жоғарғы Сот ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VІІ съезіне орай ұйымдастырды. Оның мақсаты – тарихи мұраны көпшілікке таныту және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу. Көрменің материалдары ежелгі дәуірдегі, кеңестік кезең мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан аумағындағы сот төрелігі жүйесі мен құқықтық мемлекеттің құндылықтарын баяндайды.
Экспозиция «Ежелгі дәуір, орта ғасыр және революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық пен сот билігі», «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі сот-құқық жүйесі» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» деп аталатын негізгі үш бөлімнен тұрады.
Ұсынылған экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер мен бейнематериалдар Ұлттық мұрағат, Орталық мемлекеттік мұрағат, Президент мұрағаты және Тұңғыш Президент кітапханасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың музейінен жинақталған.
Көрмеге келушілер біздің дәуіріміздің VІ-VІІІ ғасырларындағы Түркі қағанатының жазба ескерткіші, Білге қағанның алтын тәжі, Қағанат көсемі Күлтегіннің мүсіні бейнеленген фотоэкспонаттарға зор қызығушылық танытты.
Көрмеге қазақ биі шапанының үлгісі және оның төс белгісі, хандардың, сұлтандар мен билердің жеке мөрлері қойылған. Олар төрт ғасыр бойы Ұлы дала мемлекетінің ішкі саяси құжаттары мен халықаралық келісім-шарттарды бекітуге бағытталған ең басты атрибуты болып табылды. Көрмеге Қазақ хандығының қалыптасу кезеңін белгілейтін материалдар да қойылған.  «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дала демократиясының негізін қалағандығын, аталған жарғылардың сол дәуірдегі құқықтық қатынастарды реттеумен қатар, қоғамдық келісімді сақтауға ықпал еткенін атап өткен жөн.
Мұнда 1993 жылғы Конституцияның, «Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның түпнұсқасы, Президенттің республика судьяларының IVсъезіндегі жұмыс жазбалары жазылған қойын дәптері, сондай-ақ Мемлекет басшысының қолы қойылған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңы қойылған.
Көрме келушілердің назарына қазақстандық судьялардың мантиялары, Жоғарғы Сот пен республикадағы Судьялар одағының ведомстволық наградалары да ұсынылған. 
Көрменің бірқатар материалдары тәуелсіздік жылдарындағы сот билігінің дамуын сипаттауға арналған. Атап айтқанда, судьялар съездерінің жұмыстары, Ұлт Жоспарын іске асыру мен электронды сот төрелігін енгізу нәтижелері, Жоғарғы Соттың халықаралық қызметі және т.б. материалдар. Көрмеге барлығы 210 фотосурет пен 50 экспонат қойылған.
Көрме жұмысымен а.ж. 7 қазанға дейін, яғни Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі өтетін күнге дейін танысуға болады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/elordadagy-tuelsizdik-sarayynda-respublika-sot-zhuyesinin-damuy-turaly-korme-zhumysy-zhalgasuda

0
0
641

Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты

А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаева бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты.

Кеңеске қатысушылар өз елдеріндегі бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін қарастыратын заңнамалар, терроризм және экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарау тәжірибесі, сондай-ақ, заң күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қайта қарау бойынша ақпаратпен алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша делегация басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-delegaciyasy-shyu-ga-mushe-memleketterdin-zhogargy-sot-toragalarynyn-birinshi

 
0
0
546

Астанада «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көрменің ашылу рәсімі өтті

Астана қаласында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Экспозиция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы судьяларының VІІ съезіне арналған.

Көрменің ашылуына Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми, жоғарғы сот органы алқаларының төрағалары, Астана қаласының соты және Әскери сот судьялары қатысты. Сонымен қатар, Судьялар одағының, жоғарғы оқу орындарының, мемлекеттік органдардың, Ұлттық музейдің басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, Бас редакторлар клубының, БАҚ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қ. Мәми көрменің ашылу рәсімінде, іс-шараның мақсаты - республика аумағында ежелгі дәуірден бастап қазіргі күнге дейінгі сот төрелігінің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты көрсетуге, оның тарихи мұрасымен таныстыруға және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталғанын атап өтті.

Экспозиция негізі үш бөлімнен тұрады: «Ежелгі дәуір, орта ғасыр және революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық пен сот билігі», «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі сот-құқық жүйесі» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы».

Ұсынылып отырған экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер мен бейнематериалдар Ұлттық мұрағат, Орталық мемлекеттік мұрағат, Президент мұрағаты және Тұңғыш Президент мұрағатынан жинақталған. Сондай-ақ Жоғарғы Сот музейінің материалдары да қойылды.

Көрмеге қазақ биі шапанының үлгісі және оның төс белгісі, Қазақ хандығының қалыптасу кезеңін белгілейтін материалдар қойылған. Бұл кезеңде мемлекеттік билікпен қатар, билер сотының заң базасы да қалыптасқанын атап өту қажет. Сондай-ақ көрмеде 1993 жылғы Конституцияның түпнұсқасы және Елбасының қолы қойылған сот жүйесінің жұмысы бойынша заңдардың көшірмелері ұсынылды. Тәуелсіздік жылдарындағы сот билігінің дамуына ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, судьялар съездері, Ұлт Жоспарын іске асыру нәтижелері, электронды сот төрелігін енгізу барысы, Жоғарғы Соттың халықаралық қызметі және т.б. Көрмеге барлығы 210 фотосурет пен 50 экспонат қойылған.

Көрме жұмысымен Тәуелсіздік сарайында а.ж. 7 қазанға дейін, яғни Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі өтетін күнге дейін танысуға болады. Көрмені жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер, мектептің жоғарғы сынып оқушылары, ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдері тамашалайды деп күтілуде.

http://sud.gov.kz/kaz/news/astanada-kazakstandagy-sot-biligi-tarihy-men-kazirgi-kezeni-atty-takyryptyk-kormenin-ashylu

0
0
938

Жыл басынан бері қазақстандықтар 884,7 млрд. теңге сомасында зейнетақы төлемдерін алды

2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 млрд. теңге, ортақ  зейнетақы төлеу үшін 689,4 млрд. теңге бөлінді.

1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн. 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 млн. 20 мың адам алады.

Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 965 теңгені, зейнетақының орта  мөлшері 55 мың. 49 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде).

 
0
0
285

Т. Дүйсенова С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымына медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндірді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Алматыдағы жұмыс сапарының аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті Ғылыми кеңесінің отырысына қатысып, ЖОО оқытушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (әрі қарай - МӘМС) негізгі қағидаларын түсіндірді.

Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігінің негізінде ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін қамтамасыз етіп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратынын, сонымен бірге, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру және медициналық қызметкерлердің кәсібилігі мен жалақысын арттыру арқылы медициналық қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында медициналық ЖОО-ға зор жауапкершілік арттырылады. Кадрларды даярлау жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарының жаңа жағдайда тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуі керек. Медициналық қызметтердің сапасы мен МӘМС жағдайындағы жалпы денсаулық сақтау жүйесі мен әрбір емхананың бәсекеге қабілеттілігі – медициналық қызметкерлерлің кәсіби даярлығы мен біліктілігіне тәуелді болмақ. Осы тұрғыда сіздердің университеттеріңіз, ұлттық оқу орны ретінде жаңа бастамаларды жүзеге асыру шараларында көшбасшы болып, жетекші академиялық және зерттеу орталығына айналуы тиіс», - деді ол.

Сонымен бірге, Министр университеттің халыққа қызмет көрсету саласында практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды екенін атап айтты.

«Университеттің клиницист профессорлары мен доценттері қатардағы дәрігерлерден шын мәнінде жоғары болып, өз тәжірибелерінің негізінде студенттер, интерндер мен резиденттерді оқытуы маңызды. Жақсы мысал ретінде Алматы қаласында орналасқан біздің ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты атауға болады. Аталған интеграция практикасын енгізуді әрі қарай жалғастыру керектігіне сенімдімін. Біз үшін барлық медициналық ЖОО түлектері шын мәнінде әлемнің және еліміздегі денсаулық сақтау саласының бүгінгі таңдағы талаптары мен шарттарына сай болуы – біз үшін зор маңызға ие», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнама бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - ӘМСҚ) жарна төлеуді бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры (әрі қарай - ӘМСҚ) жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс.

Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

 
0
0
585