Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Грекия Қазақстанда оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр

«KAZNEX INVEST» АҚ мен «EVEXIA» компанияларының басшылары Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Астанада екі елдің лауазымды тұлғалары және  іскер топтардың қатысуымен Қазақстан-Грекия бизнес  форумы өтті. Форум аясында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанда оңалту орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойылды.

«KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Борісби  Жанғұзаровтың  айтуынша, «EVEXIA» атты ірі грек компаниясы Қазақстанда оңалту орталығын салуға қызығушылық танытуда.

«Бүгінгі күні ол танымал қызметтің түріне айналуда. Бұл компания осы салаға оңтайлы тәжірибе әкелуі мүмкін. Инвестицияның көлемі шамамен 10 млн доллардан астам қаржыны құрайды. Компания толық инвестицияны қарастыруда. Нақты құрылыс туралы айтуға әлі ерте, олар біздің нарықты зерттеп, бағасын береді. Содан кейін инвестициялық шешім қабылдайды»,-деді Б. Жанғұзаров.

Оның айтуы бойынша, оңалту орталығы Астана немесе Алматы қаласында орналасатын болады.

«Тараптар арасында тауар айналымы 2015 жылы 1 млрд 400 млн долларды құрады.Өсуге бірқатар мүмкіндік бар, грекиялық экономика соңғы болған оқиғалардан кейін қалпына келуде»,-деді Б. Жанғұзаров.

Оның айтуынша, Қазақстанда оншақты грекиялық компаниялар жұмыс істейді. Олардың ең ірісі құрылыс саласында қызмет етеді.

«Грекия көптеген компаниялармен әйгілі және олар азық-түлік саласында жетістікке жеткен. Оларға ет-сүт өндірісін де кіргіземіз және ол индустриялық-инновациялық дамуда мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылады»,-деді Б. Жанғұзаров.

Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан экономикасына инвестиция тарту тақырыбында қазақстандық компаниялар өкілдерінің тұсаукесерлері ұсынылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
484

Осы тақырып бойынша