2015 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналым 1 млрд 400 млн долларға жетті, деп «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғұзаров Қазақстан-Грекия бизнес форумы барысында айтты.
«Тараптар арасында тауар айналымы 2015 жылы 1 млрд 400 млн долларды құрады.Өсуге бірқатар мүмкіндік бар, грекиялық экономика соңғы болған оқиғалардан кейін қалпына келуде»,-деді Б. Жанғұзаров.
Оның айтуынша, Қазақстанда оншақты грекиялық компаниялар жұмыс істейді. Олардың ең ірісі құрылыс саласында қызмет етеді.
«Грекия көптеген компаниялармен әйгілі және олар азық-түлік саласында жетістікке жеткен. Оларға ет-сүт өндірісін де кіргіземіз және ол индустриялық-инновациялық дамуда мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып табылады»,-деді Б. Жанғұзаров.
Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан экономикасына инвестиция тарту тақырыбында қазақстандық компаниялар өкілдерінің тұсаукесерлері ұсынылды.
Шекаралас жатқан елдің қонақтарының құрамында 20-ға жуық түрлі саладағы кәсіпкерлер және Өзбекстан Республикасының елшісі бар. Олар өңірге жасаған жұмыс сапары барысында «Оңтүстік» индустриялды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысып, ондағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді.
Сонымен қатар, екі жақты ынтымақтастықты нығайту үшін күнгейлік кәсіпкерлер мен делегация өкілдері арасында В2В форматында кездесу өткізіліп, бірлескен кәсіпорындар ашу, өзара байланысты нығайту турасында келіссөздер жүргізілді.
Осы күні Өзбекстан мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың қабылдауында болды.
Кездесу барысында елші ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі жақтың кәсіпорындары арасыңда ауыл шаруашылық, пластмассалық бұйымдар жасау және тері өңдеу мен киім тігу сынды бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезінде аймақ басшысы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың зор екенін айтып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ, Өзбекстан тарапынан ұсынылған жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
Өзбек делегациясы облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қызығушылық танытты.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz