ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Қазақстан мен Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды

Астанада экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысының хаттамасына қол қою рәсімі өтті.

«Үлкен жұмыс атқарылды, нақты құжатқа қол қойылды және ол келесі жылға басым бағыттар бойынша жұмыс жоспарын анықтайтын болады. Ауыл шаруашылығы, фармацевтика, энергетика, туризм және көлік саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларына үлкен назар жасалынған. Біздің ойымызша,  елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі орасан зор»,-деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Оның айтуы бойынша, аталмыш кезеңде екі ел арасындағы тауар айналым Қазақстанның Грекияға, Грекиядан Қазақстанға жасаған экспортының 99 пайызынан құралған. Өкінішке орай, аз тауар жіберіледі.

«Біз экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тырысудамыз, біз түрлі ынтымақтастық саласына «есік ашуға» жұмыс жасаудамыз. Екіжақты келісім арқылы біз өзіміздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарымызды дамытуға мүмкіндік аламыз»,-деді Грекия Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Димитриос Мардас.

Сонымен қатар, Р.Василенконың айтуынша, тәулік ішінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегі айтылды.

«Грекия Қазақстанға Балқан мен Жерорта аймақтарындағы негізгі әріптес болып табылады, ал Қазақстан Грекияға Орта Азиядағы негізгі әріптес»,-деді Р. Василенко.

«2016 жылдың жарты жылы ішінде Қазақстанның Грекияға экспорты 653 млн долларды құрады, ал Грекияның Қазақстанға экспорты 2,3 млнды құрады»,-деі ол.

Р.Василенконың айтуы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналым екі елдің әлеуетіне сай келмейді.

«Қазіргі күні тауар айналым Қазақстаннан Грекияға мұнай өнімін экспорттаудың 99 пайызын тұрады. Өткен жылдың мәліметі бойынша, тауар айналым 1 млрд 200 млнды құрады,оның ішінде Қазақсанға Грекияның экспорты 20 млнды құрады»,-деді ол.

«Бүгін біз Қазақстан мен Грекия әуе қатынасы туралы келісімге қол қоюы туралы келістік.Қазақстандық туристердің Грекияға демалуға барар кезде біраз қиындықтарға тап болатыны белгілі. Себебі, Грекияға тікелей ұшатын әуе рейсі жоқ. Сондай-ақ жазда чартерлік әуе рейстерінің саны аз», - деді басшы.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен Грекия тарапы әуе қатынасы бойынша келісімге келуге дайын екендігін айтты.

Сондай-ақ, Р.Василенко айтқандай, күн тәртібінде тағы екі экономикалық келісім орнату көзделген.

Кездесу соңында қос мемлекет салық салу жүйесін жеңілдетуді және инвестияны қорғау бойынша конвецияға қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz