Го Чок Тонг: «Қазақстан-2050» мен «Нұрлы жол» - елдің табысты дамуының келешегі
«Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттің бағдарламасы - Қазақстанға одан әрі табысты даму жолында бағдаршы болады. Бұл туралы Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонг Парламент сенатының депутаттары алдында айтты.

«Соңғы жарты ғасырдағы дамыған тәуелсіз елдердің тәжірибесін ескере отырып, мен өзім үшін бір шешімге келдім, білікті басшылық пен ұйымшыл халық ел дамуының басты кепілдігі болып саналады. Мықты көшбасшы адамдарды біріктіріп, оларды мақсатты жұмыс істеуге бағыттайды. Сингапур жоспарлау жағынан келгенде бірегей ел. Біз үлкен мұхиттағы шағын мемлекет бола тұра популизм негізінде қызмет атқарған басшылыққа билікті бере алмаймыз. Қазақстанның артықшылығы ел басында білікті, көреген Нұрсұлтан Назарбаевтың болуы. Бұл маңызды мәселе», - деді Го Чок Тонг.
Сарапшының айтуынша, Қазақстан – жарқын болашағы бар жас мемлекет.
«Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Оның болашағы жарқын. Сингапурге қарағанда бұл елде әлсіз тараптарды қуаттыға қалай айналдыру немесе тұрақты даму негізінде пайдалы қазбаларды өмір сүрудің жоғары стандартына трансформациялау мәселелерін шешу тұрған жоқ. ҚР Президенті Н.Назарбаев «болашақ біздің қазіргі жетістіктерімізге тәуелді. Бүгін болашақта даму үшін мүмкіндік беріледі» деген сөзі бар. Мен қазақстандық Үкіметтің тәуекелді қабылдап, оған орнықты шара қолдана алатындығына кәміл сенем.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттің бағдарламасы - Қазақстанға одан әрі оңтайлы даму жолында бағдаршы болады
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға Сингапур Республикасы парламентінің мүшесі, Құрметті жоғарғы министрі Го Чок Тонг сапарлап келді. Бүгін сапар аясында Парламент депутаттарымен кездесу мүмкіндігі туды. Биылғы жылдың көктем мезгілінде парламенттік делегацияның Сингапурға сапарлауы кезінде Сингапур Президенті Тони Там Кен Ям, Сингапурдың парламент спикері Халима Як және құрметті жоғарғы министрі Го Чок Тонгпен кездесулер өткізілген болатын. Кездесуде Го мырза Сенат депутаттары алдында сөз сөйлеуге келіскен болатын», - деді Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы айтқандай, Го Чок Тонг Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Юдің ісін жалғастырушы.
«1990 -2004 жылдар аралығында Го Сингапур Үкіметін басқарған болатын, оның басшылығымен ел экономикалық дамыған әрі саяси тұрақталған мемлекетке айналды. Го мырза Сингапурдың алғашқы премьер-министрі, негізін қалаушы Ли Куан Юдің ісін жалғастырды. Ол премьер-министр болып тұрған кезеңде жалпы ішкі өнім адам басына шаққанда 22 мыңнан 44 мың долларға дейін өсті. Бүгінде Сингапур Республикасы әлемнің ең бай елдерінің ондығына кіреді. Жүзеге асқан өзгертулер «сингапурлық ғажайып» атағына ие болды», - деді Қ.Тоқаев.
Сенат Спикері атап өткендей, Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі екендігін атап өтті.
«Сингапурдың экономикалық тәжірибесі 30 дамыған ел қатарына кіруді мақсат етіп жүрген Қазақстан үшін маңызды үлгі», - деді ол.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
