Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкіметте» бірқатар іс-шаралар өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – дәл осы тақырыпта мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерінің жұмыскерлері үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Тәуекелдерді басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өткізілген іс-шараларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Каскин…

0
0
427

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1-ші республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ департаменттері арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды. Ал футбол бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды. Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлауға орай өзінің жұмыскерлері арасында 8-10 қыркүйек аралығында 1-ші республикалық спартакиада өткізді. Шараға 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының 17 команда құрамасы қатысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің ай…

0
0
363

Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

Конкурсқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары филиалдарының арасында өткізілген облыстық конкурстардың қатысушылары қатысты. Үшінші орынға Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы Айжан Баялиева, екінші орынға Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің маманы – Дархан Болатов, ал бірінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы - Пернехан Досан ие болды. Ол мемлекеттік тіл туралы өзі шығарған патриоттық әсерлі туындысымен әділ қазылар алқасының есінде ерекше сақталып қалды. «Біздің конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл – дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттік тілде құжаттар дайында…

0
0
387

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжірибелерімен бөлісті

Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерінің зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер» тақырыбында конференция өтті. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ білдірді. Біздің еліміз үшін басқа елдердің халыққа қызмет көрсетудегі тәжірибелерін зерттеу мүмкіндігі ерекше назарда болды. Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі әрекет етеді, ал жинақтаушы компонент - тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердің күрделі экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудің барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды. Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында…

0
0
336

Т. Дүйсенова тұрғындардың медициналық сақтандыру жөніндегі өзекті сауалдарына түсініктеме берді

Жуырда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу бойынша Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарының аймақтық штаб мүшелері үшін селекторлық тәртіпте өткен семинарда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова халықты, жұмыс берушілерді, медициналық қызметкерлерді толғандырған бірқатар сұрақтарға түсініктеме берді. Аймақтардың өкілдері медициналық сақтандыру пациенттердің дәрілік заттар шығынын өтей ме, МӘМС аясында оралмандар үшін медициналық қызметтер пакеті қарастырылған ба, ауылдық денсаулық сақтау саласын қандай жаңалықтар күтіп тұр, өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтар және жұмыс істейтін зейнеткерлердің Медициналық сақтандыру қорының жарнасын төлеу тәртібі және жаңа жүйеде ведомстволық медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейтіні…

0
0
349

Ағын видеоның (стрим) Youtube видеомен салыстыру

1. Twitch деген не? Қазіргі кезде, ақпарат жеткізу жолдары көбейеді. Көптеген адамадар кез келген тақырыпқа Youtube қызметінен көптеген видеоларды таба алады. Бұл теледидардай ұқсас алдын ала жазылған видео болып табылады. Бірақ телевидениеде тікелей эфир бар. Сондықтан тікелей эфирдің онлайн баламасы болу үшін Twitch деген платформасы бар. Осы платформада алушыға видео 10 секундтан 30 минутке дейін кідіріспен жеткізіледі. 2. Әр қызметінің артықшылықтары мен кемшіліктері Twitch қызметінің басты басымдығы тыңдаушылармен тілдесуі. Кідірісі кішкентай болған соң, автор не істемесе де, тыңдаушылар көрсетілген видеоға ойларын бірден жаза алады (чат арқылы). Демек, автор аудиторияның қалауларын тез түсіне алады. Авторда видеоны түсіру үшін тек бір ғана мүмкіндік болған соң, оның сөйлеудің қабіле…

2
0
724

«Мафия» ойны махаббатқа жеткізеді.

"Жұма. Сағат кешкі 6:00. Таңертеңнен бастап кешке дейін университетте жүріп, қатты шаршадым. Сонымен қоса, түсте болған зертханалық жұмыстың кезінде керекті нәтижелер де шықпай, көңіл күйім түсіп кетті. Ендігі арманым бөлмеге барып, өзімнің жұмсақ, түймедақтың иісі бар төсегімде рақаттанып демалу. Алайда, менің қарным аш, сондықтан жатаханаға барып, тамақ дайындап, қарынды тойдырып алу керек. Сағат кешкі 8:00. Ерінгендіктен оңай әрі тез дайындалатын етсіз қуырылған картопқа тойып алдым. Енді не істесем болады екен? Үй жұмысын істейін бе әлде кино көріп, жұманың кешкі уақытында демалып, барлығын ертеңге қалдырайын ба? Біраз ойланып, химияны оқуға шештім, өйткені сейсенбі күні емтихан болады. 23:00. Химияның жиырма алтыншы бөлімін бітіріп, шамалы тынығуды ойладым. Сол себепті ноутбукты қосы…

2
2
742

Жүрекке жақын мамандық таңдау — өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау

Қазір мен биология факультетінің екінші курс студентімін... Мектеп кездерін есіме алсам, өзімді болашақта қай мамандық иесі болатынымды жоғары сыныптарда нақты білетінмін. Cол кезде өзімді дәрігер ретінде ғана елестетуші едім. Білмеймін, мүмкін, ата-аналарымның қалауы бойынша ма, әлде балабақшада жыл сайын жаңа жылда “Айболиттің” рөлін атқарғандығымнан ба, әйтеуір, биологияны орта сыныптардан бастап сүйіп ерекше көңіл бөлуші едім. Сол кезде күдіктеніп жүргенмен, университетке түскенде осы мәселе нақты шешіледі деген ойда болдым. Ал қазір болса ол мәселе одан әрі қара шиеленесе түсті. Алдымда бірнеше таңдаулар бар және олардын қайсысын таңдау маған бір маңызды мәселеге айналды: мұғалім боламын ба, әлде лаборант, немесе ғалым болып оқуды неге жалғастырмаққа секілді ойлар жиі кездеседі. Бәлк…

0
0
2449