ru
Мемлекет
Мемлекет
2 218 жазбалар14 тіркелуші
0

ҚР-дағы спутниктік навигация 229,9 млн теңгенің ақпаратын ұсынды

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ақпараттар мен қызметтерді ұсынудан түскен табысы шамамен 300 млн. теңгені құрады, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін (ҚР ДЖСНЖ) пайдалануға енгізу геодезия, картография, жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі ғимараттар құрылысы, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ навигациялық аппаратураның метрологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағы басқа міндеттерді шешуде пайдаланушыларға дәлдігі жоғары координаттар мен соңғы уақытты айқындауға мүмкіндік берді.

2013-2015 жылдар аралығында ақпарат таратудан және қызметтерді іске асырудан 229,9 млн. теңге сомасында кіріс кіргенін атап өткен жөн.

Еске салсақ, Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында Жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің (ЖНСЖ) ақпараттарын тұтынушылардың сапалы әрі кепілдендірілген координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерді алуға бағытталған.

ҚР ДЖСНЖ жобасын ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ навигациялық жабдықтарды өндіру бойынша жобалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін негізінен қазақстандық кәсіпорындарды тарта отырып іске асыруда.

ҚР ДЖСНЖ-ның құрамына 60 дифференциалдық станциядан (ДС) мыналар кірді: дифференциалдық түзету мен мониторинг орталығы (ДТМО); теңіз локальді дифференциалдық станциясы (ТЛДС); мобильдік дифференциалдық станциясы (МДС); сәйкестікті бағалау зертханасы; навигациялық жабдықтарды тәжірибелік өндіру.

Дәлдігі жоғары спутниктік навигациясының түзетілетін ақпараттарын пайдалану негізінде бірқатар салалық міндеттер шешілуде. Олар: ғарыш түсірілімдерінің нақты координаттық байламы; топографикалық жоспарларды құру, елдімекендердің, цифрлық кадастрлық карталардың (жоспарлардың) жан-жақты цифрлық үлгісі; жобалау және зерттеу жұмыстар, орындалатын түсірілімдер; жер иелену түсірілімдері, жерасты және жерүсті коммуникациялары; желілік құрылыстардың (ЭБЖ, құбырлар) сыртына шығару; ғимараттар мен құрылыстардың бұрыштарын үйлестіру; жол-құрылыс жұмыстары; ұлттық спутниктік геодезиялық желін орнату және координаттардың ұлттық жүйесін жасау; ауыл шаруашылығы саласында «нақты жер шаруашылығы» технологиясын жүргізу; аса маңызды және қауіпті жүктерді тасымалдау, орналасқан жерін, жылдамдығын бақылау; жолаушылар мен жүктерді аймақтық және аймақаралық тасымалдауды үйлестіру; бөгеттердің бұзылуы мен жылжымалылығын мониторингілеу; теңіз көлігінің метрлік дәлдікті навигациясын және қазақстандық порттардың акваториясында өткелдер мен бұрылыстар кезінде кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz