Мейіржан Меңлібек пен Эльмира Алтай «2 жұлдыз» байқауының жеңімпаздары атанды

Кеше Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтарал ауданының жастары арасында «2 жұлдыз» байқауы болып өтті. Бұған дейін 60 жұп (120 адам) қатысқан байқаудың іріктеуінен тек 9 жұп қана ақтық сынға өткен болатын.
«Мақтарал – жастардың мекені. 360 мыңға жуық тұрғынның 90 мыңын жастар құрайды. Дәл сол себепті, біздің аудан білімнің, өнердің, спорттың ордасына айналуы тиіс. Роза Әлқожа, Жұбаныш Жексенұлы, Гаухар Әлімбекова, Бақыт Шадаева т.б. көптеген өнер иелері шыққан мекеннен әлі де талай саңлақтар шығатынына мен сенемін. Бүгінгі байқаудың да мақсаты сол – Мақтарал жастарының арасынан жаңа жұлдыздарды табу» - дейді Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков.
Мақтарал ауданы Саз мектебінің вокал пәнінің мұғалімі Лаура Төренова, Эстрада жұлдызы, ақын, сазгер Асан Пердешов, Мақтарал аудандық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Алтыншаш Сейталиева, «Асан шақырады» атты ән байқауының жеңімпазы Абылайхан Қыдыралиев төрағалық еткен байқау «Туған жер, отан туралы патриоттық ән», «Еркін тақырып» атты екі кезеңнен тұрды. Вокалдық орындау шеберлігі, киім стилі, сахна мәдениеті, сахналық фон т.б. жан-жақты бағаланған байқаудың жеңімпаздары 4-ші нөмірлі Мейіржан Меңлібек мен Эльмира Алтай болды.
Бас жүлде
Мейіржан Меңлібек – Эльмира Алтай
І орын
Мақсат Ділманов – Балжан Тағантұрды
ІІ орын
Ерболат Жүніс – Мадина Сатиева
ІІІ орын
Ерсұлтан Смайлов – Малика Қалдыбай























(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
