Сербия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті – СІМ
Белградта елші Нұрбах Рүстемов Сербия премьер-министрі Александр Вучич және премьер-министрдің бірінші орынбасары – сыртқы істер министрі Гораном Кнежевичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Александр Вучич 23-25 тамызда Қазақстан Президентінің Сербияға жасаған ресми сапарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш сапар Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара ынтымақтастықтың тереңдеуіне негіз болды. Сербиялық үкіметтің басшысы Қазақстан көшбасшысымен өткен келіссөз оң әсер қалдырғанын айтты. Сербиялық премьер-министр жақын арада Қазақстанға ресми сапармен келетінін айтты, деп хабарлады СІМ.
ҚР Президентінің тапсырмасымен үкіметтің қабылдаған бағдарламалық құжаттарымен танысқан А.Вуич олардың жүзеге асырылуы ұлттық экономиканы нығайтып, жаңа экономикалық перспективаларды Қазақстан үшін ғана емес, өңір үшін қамтамасыз ететінін айтты.
СІМ басшысымен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытын қарастырды. Кездесу барысында экономика министрі мен тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысында келісілген сауда-экономикалық қарым-қатынасты елдер арасында белсенділету мәселелерін талқылады.
Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
Астана қаласында 2015 жылдың 28 тамыз айында қол қойылған Конвенция мен Хаттама инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сербия арасында экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Конвенция екі жақты халықаралық келісім шарт болып табылады және қосарланған салық салуды жою мақсатымен жасалған. Тараптар салық төлеушіге салықты бір рет қана төлеуге мүмкіндік береді. Басқа мемлекет оларға төленген салық сомасының есебін ұсынады.
Құжатта ережелер қарастырылған және соған сәйкес, дивиденттер, пайыздар және роялтилер төмендетілген мөлшерлеме бойынша кіріс көзіне салық салуы мүмкін.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
