Ақтөбе облысы Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты кеңейтеді
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесті. Екі күндік ресми сапары барысында Ато Браун Ақтөбе қаласында өтетін «AktobeInvest - 2016» IV халықаралық инвестициялық форумына қатысады, деп хабарлайды аймақ әкімдігінде. «Мемлекет басшысы халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу есебінен экономикаға қосымша қаражат тарту бойынша тапсырма берді. Осыған орай, Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытамыз және ол әлем экономикасында Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі болып табылады»,-деді Б.Сапарбаев. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банктың қолдауы арқасында облыстың аумағында жоба іске асырылды және ол аймақта көліктік-логистикалық әлеуетті жақсартуға көмектеседі. Қазіргі күні бірлесіп «Ор…