Мазмұнға өту

Жаңа

Компьютер ғылымы компьютерлер жайлы емес

Қазіргі таңда компьютер ғалымдары компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді деген ой бар. Алайда, бұл стереотип қана. Компьютер ғылымы компьютерлер және компьютер құрылымындағы мәселелерді алдын алу жолдары жайында емес. Компьютер ғылымы анализ және мәселелерді компьютерді құрылғы ретінде пайдаланып шешу ғылымы. Бұл блогта компьютер ғылымы, түрлі фактілер және компьютер ғылымы шынайы ғылым әрі тек компьютерлер ғана емес екенін дәлелдейтін түсініктер жайлы айтқым келеді. Миссиссиппи Мемлекеттік университетінің түсіндірмесіне жүгінсек: компьютер ғылымы принциптер, техникалар және кейбір компьютерлік системаларды қолдануды зерттейді. Компьютер ғылымы есептеудің түрлі салаларында және компьютерге байланысты мамандықтардағы карьералық мақсаттары бар студенттерге негізгі білімді беред…

0
0
2288

Реал Мадрид сүйікті футбол клубым ғана емес, өмірімнің бір бөлшегі. 

Алғаш рет, алтыншы сыныпта футбол көруді бастап едім. Сол кезде, тек ағылшын Премьер Лигасын теледидардан көріп, жиырма екі ойыншының футбол алаңында бір допқа таласып, ал жанкүйерлердің оларды қолдағаны маған өте ұнады. Кейін, интернеттің көмегімен басқа да мемлекеттердің футбол клубтарның ойындарын көріп, одан әрі қызыға бастадым. Сол сәтте, құрамында ерте кездерде Ди Стефано, Пушкаш, Сантамария, және кеше ғана әлемнің керемет футболшылары Луиш Фигу, Дэвид Бэкхэм, Зинедин Зидан, Рауль Гонсалес және Роналдо болған, Реал Мадрид атты корольдік клубпен таныстым. 114 жылдың ішінде, клуб керемет жетістіктерге жеткен: Ла Лиганы 32 рет, Испания Кубогын 19 рет, УЕФА Чемпиондар Лигасын 11 рет, Испанияның Суперкубогын 9 рет жеңген және сол сияқты т.б. табыстарымен мақтана алады. Олардың ойнайтын С…

0
0
2330

Үкімет басшысы ІІМ министріне Алматы облысындағы қылмысты жеке бақылауына алуды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысындағы адам өлтіру қылмысына қатысты мәселені Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жеке бақылауына алуды тапсырды. «Қыркүйектің 20-сы күні бізге базарда мал сатамыз деп, үш азаматтың жоғалғаны туралы арыз түскен. Келесі жылы біз бір машинаны таптық. Біз олардың 41 бас малды сатуға алып шыққанын анықтадық. Ал қыркүйектің 23-і күні екінші жүк көлігін тауып алдық. Артынан жергілікті xалықтың қылмыскерлерге көмектескенін білдік. Олар жолда батпаққа батып кеткен. Сонда көмек берген жергілікті тұрғындардың арқасында қылмыскерлердің кім екенін анықтадық. Қылмыскерлер мал базарындағы ағайынды жігіттерге жолығып, ірі қараны толығымен алып кетеміз деп, алдап, бір шатқал жаққа алып барған. Сол жерде мал сатушы жігіттерді өлтірген.…

0
0
416

Т. Дүйсенова: МӘМС-ті енгізу денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін қамтамасыз етеді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Алматыдағы жұмыс сапарының аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті Ғылыми кеңесінің отырысына қатысып, ЖОО оқытушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігінің негізінде ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін қамтамасыз етіп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратынын, сонымен бірге, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынуш…

0
0
422

Жылдың соңына дейін Парламентте салық салу туралы заңға өзгерістер енгізуді қарастырады – Бишімбаев

Салық салу және салықтық-кедендік әкімшілікті жетілдіру бойынша заң жобасын биыл Парламентте талқылайтын болады. Сонымен қатар, ҚҚС бойынша есепке қою құны және электронды шот-фактураның міндетті үзіндісіне көшуге өзгерістер енгізіледі, деп ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты. «Салық салу және салықтық-кедендік әкімшілікті жетілдіру бойынша заң жобасы жасалды және ол биыл парламентте талқыланатын болады. ҚҚС өз кезегінде күрделі салық болғанын ескере отырып, салықтық және бухгалтерлік есеп жасап отыру керек. Сонымен қатар, ШОБ-қа қосымша әкімшілік жүктемені ұлғайту керек- ҚҚС бойынша салықтық есептікті дайындау мен ұсыну – сонымен қатар, нарықта сауда жасайтын тұлғаларға да ҚҚС бойынша есепке қою құнының мақсаты үшін ең төмеңгі шекті қалдыру ұсынылады – 25 000 АЕК дейін,…

0
0
336

2016 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу жоспары 3,30 трлн теңгені құрады

2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. «Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, әрбір облыста мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» АҚ компания тобын сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды. Барлық жұмыс комиссиясында мемлекеттік сатып алу саласында облыс әкімдерінің орынбасарлары сатып алуды қадағалап отырады»,-деді ол. ҰКП басшысының айтуынша, 2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды. «Шын мәнінде 286 млрд сома пайдал…

0
0
459

Премьер-Министр барлық әлеуметтік нысандардың құрылысын 16 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырды

Бүгiн Үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осы саладағы қалған жоспарланған жұмысты тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мерейтойына дейiн аяқтап, халыққа есеп беру қажеттiгiн айтты. «Елiмiзде 25 жылда 1 миллионға жуық отбасы баспаналы болды. 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысандары iске қосылып отыр. Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығына дейiн қалған аз уақытта қалған нысандардың бәрiн уақытында бiтiрiп, тұрғындарға жұмысымыздың бiткенi туралы есебiмiздi беруiмiз қажет. Бүкiл шаруамызды бiтiруге мүмкiндiгiмiз жеткiлiкті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр үй салу көзделген, оның iшiнде 1,7 млн шаршы метр жалдамалы үй, 2 млн шаршы метр кредиттiк баспана және 0,8 млн шаршы метр коммерциялық үй пайдалануға берiледi. Бұл мақсатқа 145 млрд теңге бөлiндi, о…

0
0
394

Қазақстанда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі 2018 жылы шешіледі

Қазақстанда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі 2018 жылы шешіледі, деді Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. «Бүгінде республика бойынша 156 апатты мектеп бар. Аталған мәселені 2018 жылдың соңына дейін толығымен шешу көзделген.Ондай мектептердің басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында орналасқан. Енді, былтыр 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп бой көтерді. Келесі жылы 99 мектеп ашылады. Жыл сайын оқушылардың саны да артып отыр. Сондай-ақ урбанизация мәселесі де бар. Сондықтан қалаларда мектептерді көптеп салу керек де есептейміз»,- деді Е.Сағадиев. Ол айтып өткендей, урбанизацияға орай республика қалаларда кем дегенде 20 мектеп салу керек. «Балалардың саны артып, урбанизация жүзеге асуда, меніңше, мектептерді қалаларда салу кере…

0
0
442

АШМ жерді жалға берудің бірыңғай типтік келісімін әзірлейді

Қазақстанда жерді жалға берудің бірыңғай типтік келісімі пайда болады. Бұл туралы АШМ вице-министрi Ерлан Нысанбаев «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселесіне арналған отырыста мәлімдеді. Вице-министр сөз басында шетелдiктерге жердi жалға беруге 2021 жылға дейiн мораторий жарияланғандықтан бұл мәселе қаралмайтынын атап өттi. Оның айтуынша, жалпы республика бойынша 31,3 мың га жердi шетелдiктер жалға алып отыр. Жалпы, ел аумағында 100835,4 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бар және мұндағы шетелдiк жер пайдаланушылардың үлес салмағы – 0,03 пайыз. «Заң жобасын әзiрлеу барысында бiз үшiн барлық процедураның ашық түрде өткені маңызды. Қазақстандықтарға жалға берiлетiн жер учаскелерiнiң тiзiмi конкурс аяқталғ…

0
0
404

Алматының 2016 жылғы бюджеті 30 млрд. теңгеге нақтыланды

Алматының 2016 жылғы жергілікті бюджеті 30 млрд. теңгеге нақтыланды. Бұл туралы қала Мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігі. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов айтып өткендей, бұл қаржы мына шараларды жүзеге асыруға жұмсалады: жедел жәрдем қызметінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға, ІІД-не, көлік жүйесін жасқартуға, қала тұрғындарының діни сауатын арттыруға, қаланы жасылдандыруға, электромобильдер станцияларын құруға, білім, денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық қуатын күшейтуге, қалаға қосылған елді мекендерге газ жүргізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге. «Депутаттар жалпы құны 5,1 млрд. болатын жаңа коммуналды автобус паркін салуды және жеклеген азаматтар үшін жеңілдетілген жолақысын төле…

0
0
497