Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР-дағы спутниктік навигация 229,9 млн теңгенің ақпаратын ұсынды

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ақпараттар мен қызметтерді ұсынудан түскен табысы шамамен 300 млн. теңгені құрады, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін (ҚР ДЖСНЖ) пайдалануға енгізу геодезия, картография, жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі ғимараттар құрылысы, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ навигациялық аппаратураның метрологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағы басқа міндеттерді шешуде пайдаланушыларға дәлдігі жоғары координаттар мен соңғы уақытты айқындауға мүмкіндік берді. 2013-2015 жылдар аралығында ақпарат таратудан және қызметтерді іске асырудан 229,9 млн. теңге сомасында кіріс кіргенін атап өткен жөн. Еске салсақ, Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі Қазақстан Респуб…

0
0
412

Астанада 120 жас ғалым жаңа пәтер кілтін алды

Мұғалімдер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеттің жас ғалымдарына, докторанттары мен магистранттарына жаңа баспананың кілтін табыстау салтанаты өтті. Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ АТУ» АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев қатысты. Елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин өз сөзінде Мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтуға баса назар аударатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Астанада тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 29 шаршы м жуықтады, жыл сайын 2 млн шаршы м жуық тұрғын үй тапсырылады. «Баспаналы болғандарды құттықтаймын, Қазақ агротехникалық университетінде осындай дәстүр қалыптасқан, бұл еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі. Мердігерлеріміз рекордты қысқа уақыттың ішінде – 10 а…

0
0
590

Ж.Асанов Ақтөбе облысының әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған басты бағыттарды атады

Бас Прокурор Жақып Асанов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Осы сапар аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасы басталатын болады. Облыс жұртшылығы алдында сөз сөйлеген Ж. Асанов алдағы іс-шаралардың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Олар - түсіндіру жұмыстары, бизнесті дамытуға, азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмек көрсету, дін мәселелері, азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін террористік қауіп кезінде әрекет етуге үйрету. Нақты іс-қимыл жоспары бар. Әр бағытқа вице-министр немесе орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары басшылық етуде. Ж.Асанов атап өткендей, бұл жергілікті қызметтерге тексеріс жүргізу емес, нақты проблемаларды бірігіп шешу. Оның пікірінше, кешенді шараларды қабы…

0
0
458

Сербия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті – СІМ

Белградта елші Нұрбах Рүстемов Сербия премьер-министрі Александр Вучич және премьер-министрдің бірінші орынбасары – сыртқы істер министрі Гораном Кнежевичпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Александр Вучич 23-25 тамызда Қазақстан Президентінің Сербияға жасаған ресми сапарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш сапар Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара ынтымақтастықтың тереңдеуіне негіз болды. Сербиялық үкіметтің басшысы Қазақстан көшбасшысымен өткен келіссөз оң әсер қалдырғанын айтты. Сербиялық премьер-министр жақын арада Қазақстанға ресми сапармен келетінін айтты, деп хабарлады СІМ. ҚР Президентінің тапсырмасымен үкіметтің қабылдаған бағдарламалық құжаттарымен танысқан А.Вуич олардың жүзеге асырылуы ұлттық экономиканы нығайтып, жаңа экономикалық перспективаларды Қазақста…

0
0
500

Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» тақырыбында баспасөз – конференциясы өтті

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді. 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың тамызға дейінгі кезеңде 523 объекті жекешелендіруге жоспарланған. 2016 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 объект шығарылды, оны…

1
0
712

«Серпіннің серпілісі» саяхаты

Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» тағы бір жобасы «Серпін серпілісі». Осы жолғы саяхат «Серпін 2050» бағдарламасымен Павлодар облысында білім алып жүрген студенттеріне арналды. 2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін- 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. • Бағдарламаның мақсаты – еңбек ресурстарының артықшылығы бар еліміздің оңтүстік өңірінің (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғытау облыстары) жастарын, кадрлар жетіспей отырған аймақтарда - шығыс, батыс және солтүстік Қазақстанда оқытып, жұмысқа орналастыру. • «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға ба…

0
0
1736

Мейіржан Меңлібек пен Эльмира Алтай «2 жұлдыз» байқауының жеңімпаздары атанды

Кеше Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтарал ауданының жастары арасында «2 жұлдыз» байқауы болып өтті. Бұған дейін 60 жұп (120 адам) қатысқан байқаудың іріктеуінен тек 9 жұп қана ақтық сынға өткен болатын. «Мақтарал – жастардың мекені. 360 мыңға жуық тұрғынның 90 мыңын жастар құрайды. Дәл сол себепті, біздің аудан білімнің, өнердің, спорттың ордасына айналуы тиіс. Роза Әлқожа, Жұбаныш Жексенұлы, Гаухар Әлімбекова, Бақыт Шадаева т.б. көптеген өнер иелері шыққан мекеннен әлі де талай саңлақтар шығатынына мен сенемін. Бүгінгі байқаудың да мақсаты сол – Мақтарал жастарының арасынан жаңа жұлдыздарды табу» - дейді Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков. Мақтарал ауданы Са…

0
0
866

Бас Прокурордың Ақтөбе облысына сапары туралы баспасөз ақпараты (Ақтөбе қ., 2016 жылғы 29 қыркүйек)

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Осы сапар аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жобасы басталатын болады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-aktobe-oblysyna-sapary-turaly-baspasoz-akparaty-aktobe-k-2016

0
0
360

ҚР ДСӘДМ Ақтөбе облысы тұрғындарын «Өрлеу» жобасына тарту үшін белсенді шаралар қолданбақ

Алдағы айларда ҚР ДСӘДМ мамандары кірістері ең төмен айлық көрсеткіштен аз Ақтөбе облысының тұрғындарын «Өрлеу» жобасына тарту және жастарды жұмыспен қамтмасыз ету үшін кең көлемді жұмыстар жүргізеді. Бұл жөнінде бүгін Ақтөбе қаласында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтар үшін шартталған ақша қаражатын енгізу бойынша пилоттық «Өрлеу» жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Жоба атаулы қолдаудың шартсыз формасынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік контракт жүйесі) принциптеріне өтуін қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осындай өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен 38 аудан мен қалаларда іске асырыла бастады. «Жобан…

0
0
458

2016 жылы Мақтарал ауданында орын алған жол-көлік оқиғасының 81%-ы жылдамдықты асырудың нәтижесінде болған – Ж.Егемберді

Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемеаралық жиналыс өтті. Аудан әкімі Ғалым Исмаилов, аудан прокуроры Нұржан Боранбаев, аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Серік Шалқаров қатысқан жиында 3 бірдей мәселе қаралды. Сондай-ақ, жиынға барлық қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және Ветеринария бөлімінің мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Мақтарал аудандық жергілікті және уәкілетті органдарымен аудан көлемінде орналасқан сауда орындарында ет, сүт және тағы басқа да халық тұтынатын тауарлардың санитарлық және ветеринарлық талаптарының сақталу жағдайына қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы жайлы аға прокурор Мақсат Ералиев кең көлемде түсіндіріп өтті. «Мырзакент, Атакент базарларында сауда павилондары жоқ. Ет, сү…

0
0
847