Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар.Павлодар.kz» жастар форумы өтті

2016 жылдың 3 қазанында, Павлодар облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Жастар.Павлодар.kz»жастар Форумы өтті. Форумға студенттер, жұмысшы жастар, жас мұғалімдер, дәрігерлер, полицейлер, спортшылар, елордамыз бен еліміздің басқа облыстарынан келген қонақтар, барлығы 900-дей адам қатысты. Форум аясында облысымыздың дамуына үлес қосқан 32 дарынды, белсенді жастар марапатталды.

Іс-шараға «Молодежь» консалтингтік басқармасының басшысы  Людмила Георгиевна  Бурлаченко, «Нұр сұңқар» сыйлығының «Ең үздік блогер» номинациясының жеңімпазы, блогер, медиажаттықтырушы Яков Иванович Федоров, «Зерде» жобалар  холдингінің басшысы, Жастар кадірлік резервінің түлегі Қуат Нұрланбекұлы Сағадиев, «Қазақстан Скауттері қозғалысы ұйымы» ҚҰ-ның президенті Ильдар Загедерейевич Катенов, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ-ның төрағасы Вера  Александровна Ким, Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы  Қуаныш Жақпарұлы Досмағұлов шақырылды.

Форум қорытындысы бойынша Павлодар жастары облыс әкімі Болат Бақауовқа Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары, облыстың дамуына үлес қосып, үлкен жетістіктерге қол жеткізген 25 жастағы адамдар туралы кітап-альбом табыстады. Альбом беттерінде 50 тәуелсіздік құрдастарының суреттері мен олардың жеткен жетістіктері көрсетілген.

Форум қорытындысы бойынша жастардың бос уақытын қамтуға арналған Портал мен мобилдік қосымшаның (kino.kz сайтының үлгісінде) тұсаукесері өткізілді. Бұл жаңашылдық арқылы қай уақытта, қай жерде қандай іс-шаралар өткізілізетіндігін, олардың қайсысы тегін немесе ақылы екендігін білуге болады. Бұл жастардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізетін жаңа өнертабыс.

Бұдан бөлек, Павлодар облысы «Ұлы дала скауттары» жаңаша оқыту скауттық бағдарламасының жобасын жүзеге асыруын алғашқы болып сынақтан өткізеді. Аталмыш бағдарлама жүздеген жас өспірімдерге азаматтық тәрбие беріп, бірлескен еріктілер қозғалысын дамытады.

Қазақстан эстрада жұлдызы Ринат Малцагов пен облыстың үздік жас шығармашыл ұжымдары Павлодар жастарын құттықтап, үлкен концерт өткізді.

 
0
0
751

Осы тақырып бойынша

«Жастар.Павлодар.kz» жастар форумы өтті - Yvision.kz