Мазмұнға өту

Жаңа

Назарбаев: Ресейлік бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалады

Ағымдағы жылы ЕАЭО--ның жаңа кеден кодексі дайын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Кәсіпорындарға ЕАЭО кеңістігінде еркін бәсекелестікке мүмкіншілік беру - стратегиялық міндет. Бұған біздің заңнамамызды одан ары біріздендіру шаралары септігін тигізетін болады. Ағымдағы жылы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексін дайындау жұмыстары аяқталады. Ол біздің елдеріміздің арасындағы барлық кедендік процедураларды айтарлықтай жеңілдетеді. Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады. Бірыңғай көлік кеңістігін рет-ретімен, кезең-кезеңімен құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы ЕАЭО аясында барлық өндірушілер мен инвесторлар үшін түсінікті ортақ ойын ережесі мақсатты түрде қалыптастырылып жатқанын баса айтты.

«Ресейлік бизнес Қазақстан экономикасына инвестиция сала отырып, өзін туған елінде жүргендей сезінетін болады. Біз мұны жасаймыз. Мен шегініс жасап, Ресей экономикасының Қазақстанға қарағанда көлемі мен технологиялық тәжірибесі біршама үлкен екендігін айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта ресейлік бизнестің Қазақстанның индустрияландыру және инфрақұрылымдық жобаларына қолдауы мен көмегі қажет екендігін атап өтті.

 
0
0
478

Мадина Садуақасованың шығармашылығына 20 жыл

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, журналист, психолог Мадина Садуақасованың шығармашылығына биыл 20 жыл. Мерекелік кешті әнші халық алдында есеп беріп, атап өтпек.

Әншінің шығармашылық кеші қазан айының 20-шы жұлдызы күні Республика сарайында өткізіледі. “Жұлдызым”-деп аталатын шоу концерті әншінің 20 жылдағы алғашқы концерті болмақ. Концертте әншінің танымал әндерімен қатар, жаңадан шыққан әндері де шырқалмақ.

Концертте ел күтпеген бірнеше дуэттер болады, әнші осыған дейін уәде еткен дуэттерін осы концертінде алып шығады. Сонымен қатар концертте симфониялық оркестр ойнайды, бишілермен әнші жаңа қырынан танылады.

1
0
556

Кала-кала, көлденең шибарқыт, бөз көйлек..

1975 жылдары мықыны жоқ, балағы 35-40 см "Кала-кала" деген шалбар шыққан. 7 класты бітірген жылы алғаш рет класс болып бешір жасайтын болдық.
Ондайды әкеме айту өмірге қауіпті :-) Апама қыңқылдап жүріп, сондай бір шалбар тіктіргем. Сөздің ашығы, сол бешірден кейін оны ауылда киіп баратын да жер жоқ. Ылғи қыршаңқылар тұратын біздің ауылда көшеге жаңа киім киіп шықсаң,
-Жетім қыздың байындай боп, қайда шықтың? - дегенді тілі шыққан баладан, кемпір-шалға дейін айтып, өміріңді өксітіп жіберер еді :-)
1980 жылы болуы керек, шибарқытты көлденең тіккен қуықтай шалбар мен бөз көйлек моды болды.
Ол заманда қарт кісілердің жаназасында ру-әулеттердің қарияларына атап, шапан деп шибарқыт мата беретін. Әр кемпірдің боқшасында нафталин сасып жатқан шибарқыт әп-сәтте қасқалдақтың қанындай боп шыға келді. Ол кезде ауылдан кеткенбіз. Жұрттың балдарынан қалып бара жатқан соң ауылға зыттық. Басқа түсі табылмай, фиолетовый шибарқытты көлденең тіктіріп кидік. Маған бөз мата табу қиын болмады. Стройотрядта Өзбекстанның Қызылқұмында бір совхозда болдық. Әлгі совхоз "Московский обеспечение" ("ГЛАВРИССОВХОЗСТРОЙ" деген Одақтық мекеме болатын) екен.
Қойдың еті Австралиядан келеді. Бүтін қойдың етін бірнеше қабат қапшыққа салған. Соның ішкі бір қабаты марлядан қалыңдау ақсары бөз мата. Өзім кочегармын. Әлгі қапшықтың бәрі аспаз қыз екеуіміздің қолымызда. Алдымен өзім тіктіріп кидім.
Енді көзіңізге елестетіңіз:
Бұтта фиолетовый шалбар, жоғары жағы әлгі қапшықтан тігілген көйлек...
Шаш желкеден...
Соған шыдаған ВЛКСМ мен КПСС-ке рахмет.
Мынау әсірелердің қолына түссең піштіріп жіберуден тайынбас еді.
Құдай сақтаған екен...
"99" деген бірдеңе топ шықты деген соң еске түскені ғой.

0
0
2363

Қазақстанда балаларға өндіріп алынатын алимент мөлшері қайта қаралуы мүмкін

Алимет мөлшерін белгілеу кезінде баланың мүдделері ескерілуі тиіс.

Бұл туралы Алименттер өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

«Біріншіден, алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарауды ұсынамыз. Бүгінгі күні ол борышкердің еңбекақысының үлестерінде айқындалады және балалардан гөрі әкенің мүдделері ескерілген», - дейді ол.

Оның үстіне, «айлакер» борышкерлер заңды айналып өтудің тәсілін игерген.

«Олар жалақысы төмен жұмыстарға орналасқан жағдайларды мысалға келтіріп өттім. Содан кейін, заңды түрде балаларына 5-6 мың теңгеден аударып отырған. Бүгін бұл ақшаға баланы тамақтандыруға, киіндіруге бола ма? Сондықтан баланың мүдделері басымдықты болуы тиіс деп ойлаймыз. Баланың жасына қарай алименттердің базалық мөлшеріне заңмен кепілдеме берілуі тиіс. Борышкердің табысын да ескеруді ұсынамыз. Бірақ, тек мынадай принцип бойынша - еңбекақы қаншалықты жоғары болса, алименттердің минималды мөлшері соншалықты жоғары болуы тиіс», - деп түйді сөзін И. Меркель.

Айта кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, Қазақстанда алименттер бойынша қарыз 2 млрд. теңгеге жуықтаған. Бүгінде елімізде 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж.

 
0
0
473

Екі жүрек қосылып, бір жүрекке айналды

Отбасын сақтайтын тек махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Өткен демалыс күндері Жастар бастамаларын дамыту орталығының төрінде Талғат пен Зульфия үлкен өмірге жауапты қадам басты. «Махаббат мекені» жобасы аясында өткен салтанатты неке қию рәсімі бұл жолы да ерекше өткізілді. Сұлу қалындық Зульфия безендірілген зәулім сарайдың ханшасы болғандай, ал сері жігіт Талғаттың бір арманы осы орталықта орындалған күні еді.

-«Танатовтар отбасындағы қуанышты біздің әулет көп күтті. Мен өмірлік жарымды  кездестіріп, бақытқа кенелудемін. Осындай жас отбасылар керемет мүмкіндік беріп, неке қию рәсімін жоғарғы деңгейде өткізіп берген Жастар бастамаларын дамыту орталығына алғысымды білдіремін,» – дейді күйеу жігіт Танатов Талғат Оразалыұлы.

Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздық жойшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырыды. Осылайша, Жастар бастамаларын дамыту орталығында Екі жүрек қосылып, бір жүрекке айналды. Орталық ұжымы Танатовтар отбасына баянбы бақыт, сыйластық пен мейірімділікті тілейді.

   
0
0
951

Атырау қалалық соты «Мүгедектер құқығы туралы» Конвенция нормасын қолданып, мүгедектің құқығын қорғады

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Щ.-ның Атырау қаласы әкімінің қаулысы мен мемлекеттік актіні заңсыз деп тану туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы 1929 жылғы туылған, 2 топтағы мүгедек Щ. өзіне тиесілі жер учаскесінің жарты бөлігінен айырылған. Бұрын талап қоюшыға жер учаскесі 0,0962 га-ға дейін қысқартылған жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар акт берілген.

Осы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін даулы актіні беруге Атырау қаласы әкімінің қаулысы негіз болған. Өз кезегінде аталған қаулы талап қоюшы Щ.-ның жер учаскесі қысқартылуына байланысты әкімнің шешімін өзгерту туралы арызы бойынша шығарылған.

Сарапшының қорытындысы бойынша, әкімнің шешімін өзгерту жөніндегі арыздағы жазу талап қоюшы Ш.-мен емес, басқа тұлғамен жазылғаны анықталған.

Сот, Қазақстан Республикасымен бекітілген БҰҰ мүгедектерінің құқығы туралы Конвенция нормаларына сәйкес, мүгедектердің мүлікке иелік етуде тең құқылығын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті және тиімді шараларды қолданып, талап арызды қанағаттандырды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы әкіміне қатысты жеке ұйғарым шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

http://sud.gov.kz/kaz/news/atyrau-kalalyk-soty-mugedekter-kukygy-turaly-konvenciya-normasyn-koldanyp-mugedektin-kukygyn

0
0
772

Қазақтың тірегі мен жүрегі

 

Қазақ баспасөзінің, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ қауымы үшін алар орны ерекше. Бұл бұрын да, бүгін де, Алла жазса, ертең де солай болып қала бермек. Ежелден-ақ қазақ жыртысын жыртып, ұлт мұңын мұңдап келе жатқан газет бұл күнде ел назарын өзіне аударған.


Күн тәртібіндегі шилі мәселеге айнала жаздап тұрған жер қатынастары туралы да бірталай ортаға ой тастап, олжа салар дүниелерді жариялап үлгерді. Солардың бірі газеттің үстіміздегі жылғы 5-11 тамыздағы №29- санында жарияланған Қорабай Шәкіровтың «Қазақ жерінің қамын ойлай...» атты мақаласы автор туған жер туралы толғанысын бірталай бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі болар өнегелі жайларды қозғай келіп, орын алып отырған олқылықтардың орнын толтыруға, істі алға бастыруға бағытталған өзінің т.б.



   

Бірталай азаматтардың ойларын ортаға салып, нақтылы мысалдар келтіреді. Соның бірі – Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруашылығында. Өңірдегі шаруашылықтардың шаруасы шатқаяқтап, шаңырағы ортасына түскен адамдардың үкілі үміті желге ұшқан тұста облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі болған едік.


Мұндағы бәз қалпында тұрған көшелерді алаңсыз адамдардың шаттық толқыған жүздерін көргенде Баян жерінде тоз-тоз болып құлап қираған ауылдар қалаға бет алған көштерден көзіміз жауыр болған басымыз өмірде тозақ пен жұмақ қатар болса, жұмақ осы соңғысы шығар деген ойға тірелген едік.


Мақалада: «Үкіметті және жерді игерудегі үкімет көзқарасын қолдағысы келетіндердің жерді сатса, жалға берсе, қыруар инвестиция тартылады», – деген уәждерін айта келіп, мысал ретінде әлемдік тәжірибені алға тартқан екен.



 

Автор мұнан әрі жоғарыда өзі келтірген мысалдарды түйіндей келіп: «Мұның өзі жерді игеруде шетелден инвестиция алмасақ болмайды», –деген пікірлерге дәлел ретінде ұсынады. Өте орынды сөз.


Олай дейтінім, бізден көш ілгері кеткен небір дамыған елдердің табысын көлденең тартып, олар жерлерін сатты, жалға берді, соның арқасында байып жарыды, біз де байимыз деудің ешбір қисыны жоқ. Ол елдердің шаруалары жерден тамырларын қай жылы, қай ғасырда үзіп қалалық болғандарын тап басып айта аласыз ба?!


Асфальтті биік үйлі қалада көзін ашып, есін жиып, етегін жапқан жер-ана асыраушы екенін кітаптан оқып, кинодан көрген ұрпақ үшін жер тағдыры деген, бері қойғанда, бес тиындық құны жоқ бос сөз болып көрінуі ықтимал. Ал қазақ баласы қалаға қарай алды осыдан он бес-жиырма, арты күні кеше қозғалды. «Ауыл– алтын бесік», «жер- ана» деген ұғымдарды күні кешеге дейін дұғадай жаттап, оған кәміл сеніп өскен қазақ Алтын бесігін, жер-анасын құстың тұмсығындай келте кезеңде ұмыта алар ма?! Сол далада өткен өмірін, сіңірген еңбегін,тамшылата төккен терін, қуанышы мен кірбіңін оларға қандай күш ұмыттыра алмақ?


Сондықтан да кімге де болсын жерді сату санасына сіңіп, миына қона қояр ма? Бұл ауылдан қалаға көшкен бірдің басындағы хал емес, мыңның басындағы хал ғой?! Сондықтан да мен мароторийдің бес жылға ұзартылуын бар болғаны бұл салада атқарылар істің бастауы ғана деп түсіндім. Ал жер қатынасы мәселесін алды-артына қаратпай, түпкілікті шешу үшін кемінде бір ғасыр уақыт керек .


Осы материал басыла қалған жағдайда оқырмандар тарапынан «бұл да қыруар жерді сатып, не жалға алғандардың бірі шығар» деген күмәнді ой тумауы үшін өзінікі дейтін баспанаға қолы жетпей жүргендердің бірі екенімді қалада әйелім және қызым үшеуміз ұлымның қолында тұратынымызды айта кетейін, баспанасы жоқ адамның жері қайдан болсын?


Ал қолға қалам алғызып отырған ұрпақ алдыңдағы азаматтық, қала берді, қаламгерлік парыз. Осы орайда, ойға ертеректе көрген, ұмытпасам «Қазақфильм» түсірген «Жерге қайтып оралу» атты фильміндегі ғарышқа ұшуды армандайтын Ермек атты шопанға ауылдастары арнаған мына бір ауыз өлең оралды:

Қараңдаршы, достарым,

Мына біздің Ермекті.

Жердегі қойдан айрылып,

Көкке қолын сермепті, –дейтін еді.


Тоқ етері, жерді сатып байимыз, жаримыз деп жүргенде ата жұрттан айрылып, ұрпағымызды тентіретіп көп айтыла беретін әлем жұртының алдында масқарамыз шықпаса жарар. Ұрпақ қарғысына қалмасақ болды да.

 

Сүлеймен Баязитов

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы.

Баянауыл ауданының құрметті азаматы.

1
0
1384

Жоғарғы Сот судьялары Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды

«Қазақстан Республикасының судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің ҚР Жоғарғы Сотындағы филиалының төрағасы Ғ.Мырзаке және филиалдың мүшелері Е. Максюта, Б. Тоқтарова және Н. Жолдасбеков Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Сапар Қарттар күніне орай ұйымдастырылды.

Сапар шеңберінде судьялар мекемедегі өмір сүру жағдайымен танысты және музейді аралады.

Кездесу барысында аға буынға деген қамқорлық әрбір азаматтың алдында тұрған міндеттерінің бірі екені айтылды. «Қарттарға көңіл бөліп, қамқорлық жасай отырып, біз оларға өздерін күнделікті өмірде толықтай қатысатынын сезінуге мүмкіндік береміз», - деді Ғ. Мырзаке.

Кездесу соңында естелік ретінде сыйлықтар табысталды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-sudyalary-astana-kalasynyn-karttar-men-mugedekter-uyine-bardy

0
0
596

«Махаббат Мекені» в ЦРМИ

И вновь в стенах Центра развития молодежных инициатив зазвучал торжественный вальс Мендельсона, под который закружилась в свадебном танце молодая семья Танатовых.

В  рамках акции «Махаббат Мекені» сотрудники Центра подготовили для молодоженов настоящий праздник: нарядно украшенный зал, лепестки роз, воздушные шары, лавстори Талгата и Зульфии, все продумано так, чтобы этот счастливый день молодоженам запомнился на многие лета.

Звучит музыка свадебного вальса, и на красной дорожке появляется в белом  и воздушном платье невеста Зульфия, под ручку ее ведет статный жених Талгат.

При регистрации брака молодожены сказали друг другу заветные слова согласия жить в браке долго и счастливо не смотря ни на что!

Если Вы также мечтаете удивить свою вторую половинку, либо торжественно зарегистрировать брак абсолютно бесплатно – ждем Вас по адресу Ломова,38 каб. 103. Справки по телефону:62-42-76, 62-49-78. Ждем Ваших заявок!

0
0
826