ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының белсенділері және Универсиада 2017 еріктілері қарттар күні мерекесі аясында ардагерлерге барып қайтты

Жасотандықтар мен Универсиада 2017 еріктілері ардагерлерді құттықтай отыра, үй шаруасы бойынша көмек көрсетті. Айта кетерлігі, "ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы шеңберінде белсенділер мен еріктілер әр жұма сайын Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, тыл қызметкерлеріне және қарапайым қарттарға барып қайтуда. Жас көмекшілер үй жинастырып, есік алдын артық шөптен тазалап, дүкенге барып, қолдан келгенше көмектесуде.
"біз ардагерлерге өз еркімізбен барамыз, себебі, олар жас буынның қамқорлығын көру үшін талай еңбек сіңірді. Біз барған әр ардагердің жүзінен күлкі жалындарын байқаймын. Олар бізді әрдайым құшақ жая қарсы алады. Біз көп әңгімелесеміз, ардагерлер бастан өткізген қызықты жағдайларымен бөліседі. Ардагерлерге көмектесетін еріктілердің саны әлде қайда көбірек болғанын қалаймын"деді, Универсиада 2017 еріктілер қозғалысының аймақ бойынша координаторы Халикова Маxаббат.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында 168 ҰОС Ардагерлері және 9025 тыл қызметкерлері тұрып жатыр.
Еске сала кетсек, "ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы шеңберінде Павлодар облысында "как живешь ветеран?" акциясы өтуде.
Партиялықтар атқарушы органдармен, бастапқы партиялық ұйымдармен, сонымен қатар "Жас Отан" ЖҚ белсенділерімен бірігіп ардагерлердің тұрғылықты мекен-жайларына баруда. Акция мақсаты-ардагерлер мен тыл қызметкерлерінің әлеуметтік өміріне зерттеу жүргізу.