Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

А.ж. 3 қазан күні Мемлекеттік қызмет істері Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкері Е. Сүлейменов Ақмола облыстық жердi пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Дәріс барысында Е. Сүлейменов Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптардың,  сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары айқындалғанын, қызметтен тыс уақыттағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленгені туралы,  сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің  қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға тиіс екенін атап өтті.

Іс-шараға 12 мемлекеттік қызметші қатысты.

0
0
481

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді - Yvision.kz