Ақтауда жастар сүйікті спортшыларымен кездесті
Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және олимпиада қатысушысы Берік Әбдірахмановқа көптеген жастар жанкүйер болып, екі боксшының да қолдаушылары көбейді. Биылғы олимпиада кезінде Маңғыстау жастары боксшыларға ерекше құрметтерін көрсетіп, алғыстарын жеткізіп жатты. Сол жастардың қатарында жасотандықтар мен «жас қанат» жастар ұйымының белсенділері бар. Бірнеше күн бойы екі боксшымен кездесуді қалаған жастар бүгін, Ақтау қаласында кездесуге мүмкіндік алды. Қаланың 14-ші шағын ауданында орналасқан «Достық үйі» ғимаратының екінші қабатында 50 ге жуық жас жанкүйерлер өздерінің сүйікті спортшыларымен кездесіп, керемет әсермен әңгіме құрды. Берік Әбдірахманов өзінің бүгінгі жетістігімен бөлісіп, сенім артқан барша жұртқа өз алғысын жеткізді. Әділбек Ниязымбетов олимпиада кезінд…