Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Назарбаев: Ресейлік бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалады

Ағымдағы жылы ЕАЭО--ның жаңа кеден кодексі дайын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Кәсіпорындарға ЕАЭО кеңістігінде еркін бәсекелестікке мүмкіншілік беру - стратегиялық міндет. Бұған біздің заңнамамызды одан ары біріздендіру шаралары септігін тигізетін болады. Ағымдағы жылы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексін дайындау жұмыстары аяқталады. Ол біздің елдеріміздің арасындағы барлық кедендік процедураларды айтарлықтай жеңілдетеді. Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады. Бірыңғай көлік кеңістігін рет-ретімен, кезең-кезеңімен құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы ЕАЭО аясында барлық өндірушілер мен инвесторлар үшін түсінікті ортақ ойын ережесі мақсатты түрде қалыптастырылып жатқанын баса айтты.

«Ресейлік бизнес Қазақстан экономикасына инвестиция сала отырып, өзін туған елінде жүргендей сезінетін болады. Біз мұны жасаймыз. Мен шегініс жасап, Ресей экономикасының Қазақстанға қарағанда көлемі мен технологиялық тәжірибесі біршама үлкен екендігін айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта ресейлік бизнестің Қазақстанның индустрияландыру және инфрақұрылымдық жобаларына қолдауы мен көмегі қажет екендігін атап өтті.

 
0
0
409

Осы тақырып бойынша