Мазмұнға өту

Жаңа

Есіл ауданына «Адал жол – честный путь» эстафетасын тапсыру.

Ағымдағы жылдың 03 қазан күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонының салтанатты жабылуы және келесі эстафета Есіл ауданына тапсырылды.

Салтаннатты іс-шараға аудан әкімі А.Үйсімбаев, Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.Есжанов, ауыл округтарының әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдар, БАҚ.

Жиналған қауымның алдында аудан әкімі А.Үйсімбаев сөз сөйледі, ол марафон аясында өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті. «Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонға қатысқанымыз, бізге алдағы уақытта жұмысымызды ұйымдастыруда жақсы серпіліс, жігер беретініне сенімім мол ». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бес институциональдық реформа, 100 нақты қадам, Біздің еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтқандарын біздің қызметімізге басшылық жасайды.

Келесі болып Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Ғ.Бекентаев және Есіл ауданы әкімінің орныбасары Д.Есжанов сөз сөйледі.

Содан кейін аудандар марафонның символикалық эстафетасы – альбом Есіл ауданына табысталды. Салтанатты іс-шара музыкалық бағдарламасымен аяқталды.

0
0
429

Аудандық «Надежда» спартакиадасы

А.ж. 1 қазан күні Жарқайын ауданында «Адал жол-Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес облыстық марафонының шеңберінгде зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық «Надежда» спартакиадасын өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаттың насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді және тұрақты күрес.

Жарысқа  Державин қаласының зөейнеткерлері ғана емес, сонымен қатар ауданның ауыл округтарынан командалар келіп қатысты.

Жарыс қатысушыларына құттықтау сөзбен Жарқайың аудан әкімінің орынбасары А.Әлжанов және аудандық зейнеткерлер кеңесінің төрайымы Ө.Шұңғұлова сөз сөйледі. Спартакиада осындай спорт түрлері бойынша өтті: дойбы, шахмат, бильярд, дартс және үстел теннисі.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

0
0
325

Астанада Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі өтуде

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесті. Бүгін Мемлекет Басшылары ҚР мен РФ-ның ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Бүгін таңертең Владимир Путин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Ресейлік делегацияның құрамында министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ өңірлік әріптестер, соның ішінде Ресей субъектілерінің губернаторлары жұмыс істейді.

«Сіздерді парламенттік сайлаудың, өңірлік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын. Бұл Сіз үшін және Ресей үшін үлкен жеңіс. Ол президенттің жоғары беделін көрсетеді. Осы жылы біз сегізінші рет кездесіп отырмыз және осы кездесу өте маңызды. Біз Сочиде келіскендей, біздің үкімет те жақсы жұмыс істеді», — деп қарсы алды РФ басшысын Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында мемлекет басшылары екі жақты қарым-қатынастар, туризм саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Одан басқа, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин екі елдің ең ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум алаңында сөз сөйлейді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, онда екі елдің жалпы құны 25 млрд. долларды құрайтын көлік-логистикалық кешенінің жобаларын дамыту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда кедергілерін қысқарту туралы айтылады.

«Құрметті форумға қатысушылар, біз РФ-мен барлық салада ынтымақтасқандықтан, аталмыш форумды өткізу қажеттігі туралы ойламадық, алайда сұраныс көп болған соң өткізу керектігін түсіндік, белсенді  қатысып жатқан РФ басшысына алғыс айтамыз. Ресей Қазақстан үшін стратегиялық серіктес,  саясат пен сауда-экономикалық қарым-қатынастағы одақтас ел. Біз кеңейтілген салалар бойынша  ынтымақтастықты жүзеге асырып жатырмыз, оған кәсіпкерлер мен аталмыш форум да серпін беріп отыр», - деді Қазақстан Президенті.

Н.Назарбаев  өзара сауданың  көлемі  дағдарысқа дейін  20 млрд долларды құраған болатын,  қазір ол 30 пайызға төмендеді.

«Бірінші жарты жылдық бойынша сауда айналымы  6 млрд долларды құрады. Бұл жағдайларда  тауар айналымын арттыру үшін жаңа серпін бергеніміз жөн. Құн бойынша тауарлар арзандады, тауарлардың физикалық көлемі азайды», -  деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент бүгінде көптеген ресейлік кәсіпкерлер  Қазақстанда бизнес ашып жатқандығын атап өтті.

«Қазір 6 мың бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, екіжақты инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр», -  деді ҚР Президенті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
757

Екі жыл ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы аясында Ресейдегі жолдардың құрылысы аяқталады

Екі жыл ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы аясында Ресейдегі жолдардың құрылысы аяқталады, деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы барысында.

Жиынға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев пен Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары - Статс-хатшы Сергей Аристов төрағалық етті.

Панельді сессияда Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың автомобиль, темір жол, теңіз және әуе көліктері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы автомобиль жолдарын дамыту сияқты негізгі мәселелер талқыланды.

Қазақстанның темір жол және автомобиль жолдарының Ресейдің ірі шекаралық аймақтарына шығу жағы қамтамасыз етілген. Бұл Қытайдан Еуропалық одақ елдері мен Парсы шығанағына  Қазақстан мен Ресей арқылы шығатын және жолаушылар мен жүк тасымалының артуына мүмкіндік туғызатын халықаралық көлік дәлізі болып табылады», - деді Б.Камалиев.

Бүгінгі таңда екі ел арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Қазақстан мен Ресей арасында 29 ұшу бағыты қамтылған.

Отырыс қортындысы бойынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Ресей автомобиль жолдары» Мемлекеттік компаниясы мен «РТ-Инвест Көлік Жүйесі» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Панельді сессияға Ресей тарапынан Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, Федералды жол агенттігінің, Әуе көлігі федеральді агенттігінің, «Автодор» мемлекеттік компаниясының, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Росавтотранс» федеральді бюджеттік басқармасының, «Бірлескен көлік-логистикалық компания» өкілдері мен Челябинск, Свердловск, Новосибирск облыстары мен басқа да ресейлік көлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырысқа қазақстандық тараптан «KAZLOGISTICs» Қазақстан көлікшілер Одағының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» Акционерлік қоғамының, Павлодар, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының, «Эйр Астана», «СКАТ», Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының, «Астана Халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының өкілдері және «AdilLogistic» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК», «ТрансКом» ЖШС, «ЭТК Сервис» ЖШС және тағы басқалар қатысты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
414

Қазақстан мен Ресей 3 млрд. доллардың 56 құжатына қол қояды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін қазақстандық-ресейлік форум қорытындылары бойынша шамамен 3 млрд. АҚШ долларына жуық жалпы сомасына 56 екі жақты құжатқа қол қою күтілуде, деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар.

Астанада «Еуразиялық кеңістіктің көлік логистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбына Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде. Осы форум аясында екі жақтың іскерлік топтарының қатысуымен қазақстандық-ресейлік бизнес-форум өтуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда экономиканың мұнай және газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыш саласындағы ынтымақтастық сияқты салаларында, атом энергиясын бейбіт жолмен пайдалануда ресейлік қатысумен 6 мың 453 компания сәтті жұмыс істеп келеді.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, қазақстандық-ресейлік форум  аясында шамамен 3 млрд. АҚШ долларына жуық жалпы сомасына 56 екі жақты құжатқа қол қою күтілуде. Соның ішінде:

-  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және «Еврохим» МХК компаниясы арасындағы Жамбыл облысында Қаратау фосфор бассейні кен орындарын қазу және минералды тыңайтқыштар шығару зауытының құрылысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

- Ақмола облысының әкімдігі мен «Еуропалық мойынтірек корпорациясы» ААҚ арасындағы Ақмола облысында индустриялық мойынтіректер өндіру туралы меморандум; «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «COALCO Development» компаниясы арасындағы Мәскеу облысындағы «Орталық құрылық порты» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнына % қатысу үлестерін алу туралы келісім;

- Еуразиялық даму банкі мен «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ арасындағы Қазақстандағы Құндызы кен орнында мыс және мыс-мырыш кенін өндіру бойынша ашық кеніш құрылысы, сондай-ақ сыртқы және ішкі инфрақұрылым құрылысын салу ниеті туралы келісім;

- «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС мен «БИОКАД» ЖАҚ арасындағы дәрілік заттар өндірісінің толық кезеңінің технологиялық трансферті туралы келісім;

- «KAZNEX INVEST» АҚ мен «Лукойл лубрикантс» арасындағы Алматы облысындағы майлау материалдары өндірісіндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

- «KAZNEX INVEST» АҚ, «Тараз химиялық паркі» АЭА және «ТехноНИКОЛЬ» компаниясы арасындағы «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында тас мақтадан минералды-мақта оқшаулауыш өндіру зауытының құрылысы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

- «СемАЗ» ЖШС мен «ГАЗ тобының орыс автобустары» ЖШҚ арасындағы ҚР-да автобус техникасын құрастыру өндірістерін дамыту, дизельдік қозғалтқышы және газ отынындағы қозғалтқышы бар ЛИАЗ 5292 үлкен қалалық класты автобустарды өнеркәсіптік құрастыру туралы меморандум;

- Еуразиялық даму банкі мен «ИНТЕРСКОЛ» АҚ арасындағы Ресейде, Қазақстан Республикасында және Беларусь Республикасында электр құралдары өндірісін дамытуды қаржыландыру ниеті туралы меморандум.

- «ИТП» автономды кластерлік қор, Астана қаласының әкімдігі және «Сколково» технопаркі арасындағы «Smart Astana» жобасын ұтымды ету, Астана қаласының аумағында зияткерлік логистика мен жаңа энергетиканы дамыту, сондай-ақ жалпы инновациялық инфрақұрылым жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

- «ИТП» АКҚ және «Новосибирск Академқалашығы технопаркі» ААҚ арасындағы технологиялық тұғырнамаларды дамыту туралы меморандум;

- «ITS compani» ЖШС және «Поликомплекс» ЖШҚ арасындағы азық ақуызын, карбон қышқылдарын, сорбитол биологиялық белсенді компоненттерін ала отырып, астықты терең өңдеу зауытының құрылысын салу ниеті туралы келісім.

Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылатынын атап өту қажет. Елдер арасындағы тауар айналымы 2015 жыл қорытындылары бойынша – 14,57 млрд. АҚШ долларын, соның ішінде экспорт - 4, 34 млрд. АҚШ долларын, импорт 10,23 млрд. АҚШ долларын құраған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
523

Н. Назарбаев ресейлік бизнесті жекешелендіруге қатысуға шақырды

Елдегі инвестициялық ахуалдың қолайлылығы туралы ресейлік кәсіпкерлерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІІІ форумы барысында айтып өтті.

«Қазақстан инвестициялық ахуалды  жақсартумен, экономиканы әртараптандырумен белсенді айналысып келеді. Ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар түсімі соңғы 15 жыл ішінде 260 млрд. долларды құраған, осының есебінен жақсы өсім байқалды. Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі рейтингінде Қазақстан әлем бойынша 41-орынды алады. Біз ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне шығу үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде экономиканы біртіндеп жаңартуды жалғастырып келеміз», - деп ақпараттандырды Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Қазақстан «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырып және әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру саясатын жүргізіп келе жатқанын еке салды.

«Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканың бірнеше секторы басым секторлар ретінде айқындалды. Ол мұнай өңдеу, мұнай-газ агрохимиясы, қара және түсті металлургия, тамақ өнеркәсібі, электротехникалық машина жасау. Осы бағдарламаны іске асырудың 6 жылы ішінде Қазақстан аумағында мыңдаған жаңа кәсіпорындар салынды, миллиондаған жұмыс орындары ашылды», - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, 37 мемлекеттің азаматтары үшін визалық тосқауылдар да жойылды.

«Келесі жылдан бастап тізім 56 ел үшін кеңейтіледі. Шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың әр түрлі шаралары көзделген», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ресейлік делегацияны Қазақстандағы салық режимімен де таныстырып өтті.

«Бізде ықтиярлы салық режимі, атап айтқанда, не бары 13 салық бар. Дүниежүзілік банк рейтингінде салық салу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемнің 189 елі арасында 18-орынды алады. Оған қоса, нақты салалық бағыты бар 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан жекешелендіру туралы да айтып өтті.

«Біз қазіргі уақытта ауқымды жекешелендірудің кезекті кезеңіне өттік. Шамамен 10 млрд. долларға жуық жалпы сомасына 800-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын бәсекелі ортаға беріледі. Сату әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады», - деп ақпараттандырды ҚР Президенті.

Осыған орай, Мемлекет басшысы ресейлік компанияларды жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
362

В.Путин: Ресей ҚР-мен тауар айналымын тұрақты өсім жағдайына келтіруге мүдделі

Ресей ҚР-мен тауар айналымын тұрақты өсім жағдайына келтіруге мүдделі. Бұл туралы РФ басшысы Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында айтты.

«Ресей үшін Қазақстан – стратегиялық серіктес пен одақтас. Біздің ынтымақтастығымыз  көпжоспарлы және ортақ көзқарас арқылы кезеңімен даму  үстінде. Біздің ынтымақтастығымыз сауда және инвестициялық байланыс бойынша жоғары деңгейге шықты», - В.Путин.

В.Путин хабарлағандай, күрделі жағдайда  екі елдің  іскерлік қауымдастығының  қолдауымен Ресей болашақта Қазақстанмен тауар айналымын тұрақты өсімге шығаруды қайта қайтару жолында еңбек етеді.

«Біз барлық бағыт бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз. Сіздің бастамаңызбен өткізіліп отырған өңіраралық форумға Қазақстанмен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізетін Ресейдің 400 бизнесмені қатысады. Бүгінгі форумның тақырыбы өңірдің көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды әрі пайдалы болмақ», – деді Ресей көшбасшысы.

«Қазақстанда бүгінде 9 млрд. доллар ресейлік капитал жинақталған,  ал Ресейге Қазақстаннан 3 млрд. доллар салынған», - деп мәлімдеді Ресей Президенті.

В. Путиннің айтуы бойынша, бірлесіп, 6 мың кәсіпорын құрылған, экономиканың барлық секторларында кооперация тереңдетілуде.

«Өткен жылдың өзінде ғана Қазақстанға ресейлік кәсіпорындардың 150-ге жуық делегациясы сапармен келген болатын. Қазақстан Ресейдің ТМД елдері арасындағы сауда әріптестері ішінде екінші орын алады, бұл алда әлі де ілгері жылжуға болатынын білдіреді», - деп атап өтті В. Путин.

2015 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд. долларды құрағанын айта кетейік.

«Біз қазақстандық ұйымдастырушылар ауқымды жұмыс жүргізгенін көріп отырмыз.  Нұрсұлтан Әбішұлы,  Ресей  аталмыш шараларға белсенді түрде қатысады, Халықаралық көрмеде  100-ден астам шаралардың тең ұйымдастырушысы болуға әзір», - деді Ресей Президенті.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтуде. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысып жатыр.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
415

Бас прокуратура алименттер бойынша жағдайды өзгерте алатын 30 шара әзірледі

Алименттерді өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурор Жақып Асанов 3 жылдың ішінде алимент бойынша 13 мыңнан астам борышкерге елден шығуға, көлік басқаруға тыйым салынғанын атап өтті.

Бас прокуратурада сараптама тобы құрылды, ол  алимент төлемеудің себептерін анықтады және «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі, деп хабарлады ведомство.

Бас Прокурор жұртшылықты жобаның іске асырылуына қолдау көрсетуге және белсенділік танытуға шақырды.

Алименттер өндіріп алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстанда ортақ қамқорлық институтын енгізу ұсынылды.

«Әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша, алимент төлегісі келмеу себептерінің бірі борышкерлердің өз балаларымен араласу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Сонымен қатар әкелер мен балалардың қарым-қатынасы қаншалықты тығыз болса, алимент төлемеу жағдайларының соншалықты сирек болатыны дәлелденген.

Ортақ қамқорлықтың мәні – ажырасқаннан кейін баланың ата-анасымен қарым-қатынасын сақтау. Бала қайда оқиды, қайда оқуға түседі, оқуына ақшаны кім және қалай төлейді – осының барлығы жұбайлар арасында талқыланады және келісіледі.

Әрине, шектеулер де бар. Ажырасу маскүнемдік, нашақорлық немесе отбасындағы зорлық-зомбылық себебінен болған кезде ортақ қамқорлық мүмкін емес.

Әлеуметтік сауалнамалар деректері бойынша, борышкерлердің 25%-ы егер балаларын жиі көруге және тәрбиесіне араласуға мүмкіндік берілсе, алименттер төлейтіндерін білдірді. Әйелдердің 60%-ы ортақ қамқорлық институтын енгізуге оң көзқарас танытты.

Сондай-ақ, неке бұзу процесіне медиатор-психологтарды тарту ұсынылды.

«Жағдайдың себептері жалпыға белгілі. Төлемеушілер арасында, аморалды өмір салтын ұстанатын адамдар – маскүнемдер, нашақорлар, тұрақты мекенжайлары жоқ адамдар көп. Борышкерлердің басымы, әсіресе ауылдық жерлердегі борышкерлер – жұмыссыздар», - деп атап өтті Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Дегенмен, көпшілігі – табыстары бар адамдар. Олар саналы түрде алимент төлеуден жалтарып, еңбек құжаттарын ресімдемей, жалақыны «жасырын түрде» қолма-қол алып, табыстарын төмендетіп көрсетеді.

Кейбіреулері барынша алимент төлемеуге тырысады. Тіпті өз баласы мен әйелінің өміріне де қауіп төндіруден тартынбайды.

Орал қаласындағы 70 жасар кәсіпкер алимент төлегісі келмей, өзінің 8 жасар қызы мен бұрынғы азаматтық некедегі әйелін өлтіру үшін киллерге 5 мың доллар төлеген.

Полиция қылмыстың алдын алды, ашкөз әке мен оның сыбайласы 15 жылға сотталды.

«Айлакер» борышкерлер заңды айналып өтудің тәсілін бұрыннан игерген. Олар жалақысы төмен жұмыстарға орналасқан жағдайдарды мысалға келтіріп өттім. Содан кейін, заңды түрде балаларына 5-6 мың теңгеден аударып отырған. Бүгін бұл ақшаға баланы тамақтандыруға, киіндіруге бола ма?

Сондықтан баланың мүдделері басымды болуы тиіс деп ойлаймыз. Баланың жасына қарай алименттердің базалық мөлшеріне заңмен кепілдеме берілуі тиіс.

Борышкердің табысын да ескеруді ұсынамыз. Бірақ, тек мынадай принцип бойынша – еңбекақы қаншалықты жоғары болса, алименттердің минималды мөлшері соншалықты жоғары болуы тиіс.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
906

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы елдер арасындағы жүк айналымын арттыруға мүмкіндік береді

Астанада өтіп жатқан Ресей мен Қазақстан арасындағы XIII өңіраралық ынтымақтастық Форумы шеңберінде «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қизатов Ермек және «Российские автомобильные дороги» Мемлекеттік компаниясының Басқарма төрағасының қаржы саясаты жөніндегі бірінші орынбасары Алафинов Иннокентий жаңа технологияларды енгізу және жол құрылысы саласы бойынша келісім және әріптестік Меморандумына қол қойды.

Ұлттық компания хабарлағандай,  екі жақ автомобиль жолдарын жобалау, қайта жаңарту, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сондай-ақ, ірі өңірлік инвестициялық жобалар бойынша, жолдардағы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен интелектуалды көлік жүйесін енгізу және пайдалану саласында ынтамақтастықты да жоспарлап отыр.

Оған қоса, Форум шеңберінде «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ және «РТ-Инвест Транспортные Системы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында да Меморандумға қол қойылды. Компания өкілдері тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мен шекарадан кедергісіз өту мақсатында, Қазақстан Республикасы аумағындағы транзиттік көлік құралдарына орнатылған «Платон» төлем жинау құрылғысының мәселесін жан-жақты қарастыруға келісті.

Форум алдында компания басшылары кездесіп, өзара іс-қимыл механизмін талқылады.

ГК «Автодор» және «РТ-Инвест Транспортные Системы» ЖШС компанияларымен әріптестігімізге өте қуаныштымыз», - деді «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов. – Бүгінгі құжаттарға қол қоюымыз, бұл біздің компаниялар үшін ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде стратегиялық бизнес әріптестік құрудың және даму кезеңінің бастауын білдіреді».

«Осындай келісімге қол қою өте маңызды іс-шара болып табылады. «Платон» жүйесі оператары мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы арасындаға ынтамақтастық - біздің мемлекеттер аумағында ортақ көлік кеңістігін құруға мүмкіндік береді, тауар айналымын арттыру үшін кедергілерді жояды және тауарларды жеткізу жылдамдығын арттырады», - деді Ресейдің көлік Министрі Максим Соколов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Ресей мен Қазақстан Мемлекет басшыларының қатысуымен XIII өңіраралық ынтамақтастық Форумы өтуде. Форумның іскерлік бағдарламасында «Тиімді бизнес қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда Ресей мен Қазақстанның көлік-логистикалық кешенді дамыту» панельдік сессиясының өтетіндігі қарастырылған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
627