Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау қалалық соты «Мүгедектер құқығы туралы» Конвенция нормасын қолданып, мүгедектің құқығын қорғады

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Щ.-ның Атырау қаласы әкімінің қаулысы мен мемлекеттік актіні заңсыз деп тану туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы 1929 жылғы туылған, 2 топтағы мүгедек Щ. өзіне тиесілі жер учаскесінің жарты бөлігінен айырылған. Бұрын талап қоюшыға жер учаскесі 0,0962 га-ға дейін қысқартылған жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар акт берілген.

Осы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін даулы актіні беруге Атырау қаласы әкімінің қаулысы негіз болған. Өз кезегінде аталған қаулы талап қоюшы Щ.-ның жер учаскесі қысқартылуына байланысты әкімнің шешімін өзгерту туралы арызы бойынша шығарылған.

Сарапшының қорытындысы бойынша, әкімнің шешімін өзгерту жөніндегі арыздағы жазу талап қоюшы Ш.-мен емес, басқа тұлғамен жазылғаны анықталған.

Сот, Қазақстан Республикасымен бекітілген БҰҰ мүгедектерінің құқығы туралы Конвенция нормаларына сәйкес, мүгедектердің мүлікке иелік етуде тең құқылығын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті және тиімді шараларды қолданып, талап арызды қанағаттандырды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы әкіміне қатысты жеке ұйғарым шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

http://sud.gov.kz/kaz/news/atyrau-kalalyk-soty-mugedekter-kukygy-turaly-konvenciya-normasyn-koldanyp-mugedektin-kukygyn

0
0
721

Осы тақырып бойынша

Атырау қалалық соты «Мүгедектер құқығы туралы» Конвенция нормасын қолданып, мүгедектің құқығын қорғады - Yvision.kz