Екі жүрек қосылып, бір жүрекке айналды
Отбасын сақтайтын тек махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Өткен демалыс күндері Жастар бастамаларын дамыту орталығының төрінде Талғат пен Зульфия үлкен өмірге жауапты қадам басты. «Махаббат мекені» жобасы аясында өткен салтанатты неке қию рәсімі бұл жолы да ерекше өткізілді. Сұлу қалындық Зульфия безендірілген зәулім сарайдың ханшасы болғандай, ал сері жігіт Талғаттың бір арманы осы орталықта орындалған күні еді.

-«Танатовтар отбасындағы қуанышты біздің әулет көп күтті. Мен өмірлік жарымды кездестіріп, бақытқа кенелудемін. Осындай жас отбасылар керемет мүмкіндік беріп, неке қию рәсімін жоғарғы деңгейде өткізіп берген Жастар бастамаларын дамыту орталығына алғысымды білдіремін,» – дейді күйеу жігіт Танатов Талғат Оразалыұлы.

Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздық жойшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырыды. Осылайша, Жастар бастамаларын дамыту орталығында Екі жүрек қосылып, бір жүрекке айналды. Орталық ұжымы Танатовтар отбасына баянбы бақыт, сыйластық пен мейірімділікті тілейді.

