Мазмұнға өту
TIKazakhstan

Transparency Kazakhstan

@TIKazakhstan

Сайтта 2016 ж. 26 қыркүйекКазахстан, Алматы

Транспаренси Казахстан – неправительственная, некоммерческая организация, целью которой является работа в области противодействия коррупции. Мы сосредоточиваем свои усилия на проведении исследований

рейтинг

250

жазбалар

44

пікірлер

4

тіркелуші

13

жазылымдар

22

«Қазақстандағы кедендік сыбайлас жемқорлық: сауда айналымын айналық талдау»

Қоғамдық қор Transparency Kazakhstan «Қазақстандағы кедендік сыбайлас жемқорлық_сауда айналымын айналық талдау» зерттеуінің нәтижелерін жариялады.Transparency Kazakhstan зерттеуі бойынша, кәріс косметикасының 90% -ына жуығы, швейцариялық сағаттар мен итальяндық бренд киімдері Қазақстанға әкелінеді импорттық өнімдердің жиі сыбайлас жемқорлыққа ұшырайтынын атап өтті.Қазақстанның кедендік статистикасындағы сәйкессіздіктер сұр сыбайлас жемқорлық схемаларын көрсетеді.2013-2017 жылдар аралығындағы кезеңде ЕАЭО-ға мүше емес 10 елдің қатысуымен Азияның, АҚШ пен Еуропаның екі елімен сыртқы сауда статистикасындағы айырмашылықтар байқалды.50% -дан астам келіспеушіліктер нәтижесінде Қазақстан кеден органдарында сыбайлас жемқорлықтың және импорттық өнімдерді шамадан тыс есептеуді, сондай-ақ контрафакт…

0
0
1092

Этика кодексі дегеніміз не?

STOPКОРРУПЦИЯ. #15 ШЫҒУ. ЭТИКА КОДЕКСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бүгін мына сауалға жауап іздейік, этика кодексі дегеніміз не және оның қандай қажеттілігі бар?

Этика кодексі – ол үйлесімділіктің бірқилы жүйесі - біртұтас құндылықтарды түсінуге көмектесетін, мінез-құлық ережелері мен тыйымдарды, қоғамдастықтың біліктілігін, беделін, мәртебесін көтеретін өзіндік ұйымдастыру. Бірақ мен қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің этика кодексін талқылауды ұсынамын.

Өйткені билік пен игілікті бөлісетін жерде әрдайым сыбайлас жемқорлықтың туу қаупі бар.

0
0
2161

Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 131 орынға жайғасты

Transparency International жыл сайын жүргізетін Сыбайлас
жемқорлықты қабылдау индексі ғаламдық зерттеуінің қорытындысын
ұсынды. Қазақстанның мақтанарлық себебі бар ма? Осыны талқылайық!

Transparency International жыл сайын жүргізетін Сыбайлас
жемқорлықты қабылдау индексі ғаламдық зерттеуінің қорытындысын
ұсынды. Қазақстанның мақтанарлық себебі бар ма? Осыны талқылайық!

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі экономика, құқық, демократиялық қайта құрулардағы жемқорлықтың деңгейіне баға береді. Сарапшылардың пікірі, бизнес-компаниялардың пікірі, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың көрсеткіштері ескеріледі.

Қазақстан 2016 жылы 29 балл жинап, ренкингте 131 орынға жайғасты. Былтыр 28 балл және 123-ші орында болатын.

0
0
875

Декларациялау дегеніміз не?

STOPКОРРУПЦИЯ. #12 ШЫҒУ. ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Табыс декларациясы дегеніміз – үдемелі әсері бар жемқорлыққа қарсыкүрестің ең тиімді құралы. Ол дамыған сайын, мемлекет қаржысынбейберекет жұмсайтын шенеуніктерге өзінің жымқырған ақшасын жасыру қиынға соғады.

2017 жыл біздің өмірімізге қоғам белсенділері, сарапшылар, саяси сауатты азаматтар күткендей ешбір маңызды өзгеріс әкелген жоқ. Менің айтайын дегенім, 2017 жылдың 1 қаңтарында қазақстандық шенеуніктердің кіріс және шығыс декларациясын жариялау енгізілмек.

Ал халық қалаулыларының қандай мүлкі бар екенін, қандай табысы барын білген де артық болмас еді. Дегенмен оны білу әзірге ертерек болса, сондықтан алдымен декларациялаудың не екенін және оны не үшін енгізетінін біліп алайық.

0
0
2325

Мүдделер қайшылығы дегеніміз не?

STOPКОРРУПЦИЯ. #11 ШЫҒУ. МҮДДЕЛЕР ҚАЙШЫЛЫҒЫ

Мүдделер қайшылығы дегеніміз не? Оны қайдан іздеуге болады және бұл құбылыс неліктен сыбайлас жемқорлық қаупіне жатады?

Соны талқылайық!

Мүдделер қайшылығының анықтамасын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынан табуға болады - ол жеке мүддесі лауазымдық міндетін дұрыс орындамауға әкеп соқтыратын лауазымды тұлғалардың жеке мүдддесі мен олардың қызметтік өкілеттілігі арасындағы қарама-қайшылығы.

-1
0
895

Шешімі қиын деген бес проблемалар

Біз ең өзекті тақырыптарды іріктеп, қоғамымыздың әдеттегі шешімі қиын деген бес проблемасын анықтадық.

Сонымен, проблемалардың тізімі мынадай: итті серундету ережесі, көшені жарықтандыру, ауланы көріктендіру, балалар алаңқайын көріктендіру және қоғамдық көлік мәселелері.

Бұлар неге шешімін тапай отыр?Өйткені кейбір азаматтар шағымданғысы келгенімен, оны жүзеге асыра алмайды. Ал қалғанының  қолынан келсе де, ниеті жоқ.

Осы мәселені қарастырайық!

Толығырақ Транспаренси Қазақстан сайтында.

1
0
1996

Сыбайлас жемқорлықты жою жолдары

STOPКОРРУПЦИЯ. #9 ШЫҒУ. ҰСЫНЫСТАР

Еліміздегі жемқорлыққа қарсы пиардан бәлендей әсер алып жатқан ешкім жоқ, келісесіздер ме? Бүгін біз ешбір үндеусіз бастауды жөн көрдік.

Жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижесі біз күткендей болды ма, ол үшін не істеу керек, соны көрейік.

Біз ең маңызды 3 салаға тоқталсақ, ол: заң шығару, мемлекеттік сыңайлы сектор және мемлекеттік сатып алу.

 

0
0
927

Әрқилы жемқорлық – әр түрлі баю көздері – күрестің түрлі әдістері

Әр сыбайлас жемқорлық үйреншікті зардабымен қауіпті. Корпоративтік жемқорлық еліміздің  байлығын әкетіп, салық төлеуден жалтаруға жол ашып береді. Саяси сыбайлас жемқорлық дегеніміз  -  бюджет қаражатын талан-таражға салу.

Бірақ сыбайлас жемқорлықтың түп-тамырын өзіміз қалыптастырып отырмыз. «Бәрін сатып алуға, сатып жіберуге болады!» деген қағиданы тұрмыстық жемқорлық нығайтады.

2
0
555

Жемқорлықсыз мемлекеттік сатып алуды қалай жасауға болады?

Миллион доллар пара алу! Қазақстанда қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты үлкен шу шықты.

Халықаралық ынтымақтастық Қорғас орталығының президентіне ірі көлемде пара алды деген күдік келтірілді.

Ірі көлемдегі ақшаны оған қонақүй құрылысын жүргізуде тендерді жеңіп алғаны үшін беріпті-міс.

Кәсіпкерлер миллиондаған пара берсе, демек мемлекеттік сатып алу жүесінде жемқорлықтың  тетіктері бар болғаны ғой?

Осы мәселены қарастырайық!

2
0
502