Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда ТМД елдерінің педиатрлары Қазақстандағы балалардың денсаулығын қорғауды жетілдіру мәселелерін талқылауда

Алматыда аймақтардағы педиатрлардың, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс қызметкерлерінің, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерінің әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардың қатысуымен ҚР балалар дәрігерлерінің VIII съезі басталды. Шараны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Қазақстан педиатрларының одағы ұйымдастырып отыр. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, форум қатысушыларының алдында сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысының орынбасары Роза Қуанышбекова Съезд өткізілгеннен бері 4 жылда Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау деңгейін арттыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап айтты. Диагностикалау мен емд…

0
0
402

Н.Назарбаев: «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің байланысына серпін береді

Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінде «Дін терроризмге қарсы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев оқып берді. «Халықаралық терроризм жаңа әдістерге ие болды. Террорлық акт барша адамзатқа қарсы кектің қаруына айналды. Бұл зұлымдықпен күрес - әлемдік қауымдастықтың міндеті. Терроризмге қарсы тұрудың жауапкершілігін ең алдымен қоғамның, діннің, парламентарилердің көрнекті өкілдері алуы керек. Өкінішке қарай, аталмыш мәселеден шығу жолы әлі де жоқ. Сондықтан жауапқа бару жолын бірлесіп іздеуіміз керек. «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің байланысына серпін береді», - деді ҚР Президенті. Өз кезегінде, Б.Майлыб…

0
0
303

Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен салынады

Әлемдегі жетекші агрохимиялық компаниялардың бірі саналатын EuroChem Group AG (ары қарай «ЕуроХим» немесе «Топ») өзінің Қазақстандағы «ЕуроХим-Қаратау» еншілес кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігімен бірге Өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес ЕуроХим минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен құрылысына, сондай-ақ, жергілікті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция құятын болады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Аталған кешен компанияның Жамбыл облысындағы фосфорит кенін шығаратын өндірісінің жанында орналасады. Өз кезегінде Қазақстан билігі ЕуроХим өз жобасын кідіріссіз жүзеге асыруы үшін оңтайлы құқықтық және бизнес ортаны қамтамасы…

0
0
441

ҰЭМ: Бәсекелестік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер төрт әлеуметтік саланың бағасын реттейді

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Сенат комитетінің мүшелерімен бәсекелестік мәселелері бойынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес әзірленген заңнамалық түзетулерді талқылады. «Қазақстанның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап баға реттеуден бас тартты. Өзінің нарықтағы жағдайын теріс пайдаланатын субъектілерге қатал қаржылық салдары бар икемді құрал» - деп атап өтті Бишімбаев. Оның деректері бойынша 47 астам тауар нарығына талдау жасалды, ол әлеуметтік наразылық және бағаның күрт көтерілуі мүмкін аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. «Қорытындысында реттеуді 4 салада, атап айтқанда теміржол көлігі, электр энергетикасы, газбен жабдықтау және әуежай қызметінде сақтап қалу ұсынылады» - д…

0
0
526

ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтың өзара байланысын меңгерді

ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтың өзара байланысын меңгерді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркменістан өкілдері Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі мәдени өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау үшін жиналды. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мәдени ынтымақтастық бойынша кеңесінің ХХХІ отырысының ашылу рәсімі бүгін Қазақстан Республикасының елордасында өтті. Биылғы Отырыс аталмыш ұйымның 25-жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды. Ширек ғасыр бойғы қызметінде ТМД өзін теңқұқылы тәуелсіз мемлекеттердің ынтымақтастық формасы, қызметінің негізгі бағыттарының бірі гуманитарлық әріптестік болып табылатын беделді аймақтық мемлекетаралық ұйым рет…

0
0
519

Қазақстанда 700-ден астам адам пробация органдарынан әлеуметтік-құқықтық көмек алды

Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде пробация қызметінің жәрдемдесуімен бас бостандығынан айыру орындарындағы 731 адамға көмек көрсетілді. Олар көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек аясында жұмысқа орналасу, оқудан өту, құжаттарын қалпына келтіру, медициналық және психологиялық қызметтердің қажетті кешенін алу мүмкіндігін алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Айгүл Табергенова «Үкімет ашық сұхбатта» дөңгелек үстелі барысында айтты. «Арнаулы қызметтер туралы заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қиын өмірлік жағдайдағы адамдар ретінде танылады. Егер адам зейнеткер болса немесе оның мүгедектігі бар болса, әлеуметтік қорғау жүйесінде осы адамдарды қолданыстағы медициналық-әлеуме…

0
0
615

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің ортасы кеңейе түседі

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы түзету мектептерінің қызметкерлеріне арналған халықаралық конференцияда екі күн бойынша Көкшетау қаласында өтпек. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы хабарлады. Қазіргі уақытта әлемде де біздің елімізде де инклюзивті білім беру дамуда. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың да жалпы білім беру мектептерінің білім беру процесіне қосылуына мүмкіндік береді. Қазақстанның білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі инклюзивті білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп Көкшетау қаласының есту жән…

0
0
873

Мұнай бағасы қанша құбылса да Қашаған мемлекетке пайда әкеледі

2016 жылдың 5 қазан 14:42 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қашаған» кен орны мұнай қандай бағамен сатылса да, мемлекет үшін кірісті жоба. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатында айтты. «Бүгінде Қашағанда іске қосу, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазан айының үшінші онкүндігінде біз коммерциялық өндіріске жетеміз бе деп отыр. Ол шамамен тәулігіне 75 мың баррель. Болашақта бұл көрсеткішті көтеретін боламыз. Мемлекет үшін бұл жоба кез келген жағдайда да кіріс рентабельді. Себебі, роялти (иелік - автор) салық аламыз, сондықтан мұнай қандай бағада болса да бұл жоба бізге тиімді», - деді Мағзұм Мырзағалиев. Сонымен қатар, ол құбырларға қатысты шығын мәселесіне де тоқталып өтті. «Ол шығынды мердігерлер өтеді», - деді ол. Қашаған - Каспий теңізінің қазақста…

0
0
526

Ақмола облысында астық кептіруге қосымша дизель отыны бөлінді

Естеріңізде болса, бұған дейін аймақтың кейбір диқандары біздің арна тілшілеріне жанармайдан таршылық көріп жатқанын айтқан еді. Алайда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл шағымды негізсіз дейді. Себебі, егін орағына деп Үкіметтен арнайы бөлінген 75 мың тонна сұйық отын аудан, ауылдарға уақытында үлестірілген. Айта кетейік, бүгінге дейін өңір диқандары сары алтынның 98%-ын жинап үлгерді. Соңғы күндердің жаңбырлы болуына байланысты мемлекет тарапынан астықты кептіру үшін тағы 28 мың тонна дизель отыны бөлінген. Максим Гатцанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі - Егін орағына деп бөлінген 75 мың тонна дизель отынының бүгінде 96%-ы аймақ диқандарына үлестірілді. Бағасы литріне 95 жарым теңге. Бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағадан әлдеқайда арзан. Сондықтан, біз…

0
0
353

Қостанайда сот мүгедек баланың әкесінен оның емделуіне 5 млн. теңге өндірді

Қостанай қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайынан 2000 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек баласының емделуіне кеткен шығынды өндіру туралы шағымымен сотқа арыз жазған. Туғаннан есту қабілеті болмаған бала үшінші топтағы мүгедек. Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін баланы анасы Германияға апарып кешенді тексерістен өткізген. Кейін Мәскеуде ем қабылдап, құны 25 000 АҚШ долары тұратын кохлеарлық имплонтант сатып алған, ал отаны австриялық дәрігер жасаған. Есту құрылғысын жабдықтау және жөндеу де бірталай шығынды талап еткен. Баласын емдету үшін ана жалпы 9,5 млн. теңге жұмсаған. Ал баланың әкесі шағым талаппен келіспейді, нақтысы, валютаның теңгеге шаққандағы құнымен. Сотта белгілі болғандай, әке баланың емделуіне көмек көрсетпегенімен қоймай, айсайынғы алиментті де төлемеген. Сот орында…

0
0
377