Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Алдаспан» ақындары Алаштың ақынымен кездесті

11 қазан күні ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлымен «Алдаспан» жас ақындар клубы  кездесу өткізді.  Кездесуге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің  және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері ақынмен кездесуге қатысып, еркін әңгіме құрды.Кештің мақсаты – Ертай Айтқалиұлының шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, шығармаларынан өзіндік ой түюге бағытталды. Алғашқы сөзді «Қазақстан-ZAMAN» газетінің павлодар өңірлік тілшісі Жарқынбек Амантайұлы алып, Ертай Айтқалиұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Ақын  өзінің соңғы жарық көрген «Мен Саған ғашықпын» романына ерекше тоқталды.

Бодандық пен тәуелсіздік... Алты ғасырға жуық уақыт ішінде қазақ халқының аты мен заты, тарихы, болашағы, ең бастысы талайлы тағдыры уақыттың қатал сынына сан мәрте түсіп, ақыры Аллатағаламның мейір шапағатымен бодандық қамытынан құтылып, қазір тәуелсіз мемлекет болып, төрткүл әлем таныған орнықты елге айналды. Қазақтың тарихи орындары көптеп саналады. Соның бірі де бірегейі қасиетті Ұлытау. Қазақ хандары ел тағдыры сынға түскенде, ұлы жорыққа аттанарда осы Ұлытауды таңдаған. Хандарды ұлықтау да осы Ұлытауда өткізілген.

Иә, жазушы «Мен Саған ғашықпын!» атты романының өтетін орны Ұлытауды кейіпке босқа таңдамаған. Романның жап-жас кейіпкерлері Ұлытаудың етегіндегі қарапайым ауылда балалық пен жастық шақтарын өткізеді. Кейін үлкен өмір өткелектерінен өтіп, олар нағыз күрескерлерге айналады. Ең басты олар өмірге ғашықтығын, махаббатын жоғалтпайды. Желтоқсан көтерілісіне қатысып, халқының шынайы тәуелсіздігі үшін күреседі. Небір тар жол, тайғақ кешуден өткен олар имандылықтан нәр алып, парасаттылықтың, сүйіспеншіліктің шыңы нағыз ғашықтық бір Аллахта ғана екендігіне көздері жетеді. Роман атының «Саған» деген өзінің бас әріппен берілуін оқырман сонда ғана ұғады.

Кеш барысында студеттер ақынға көкейде жүрген сан түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Арман Қани сөз алып, Ерғали Айтқалиұлына ізгі тілегін жолдап, алғысын білдірді. Айта кетерлігі, Ерғали Айтқалиұлының кезекті шығармасында Арман Қани ағамыз басты кейіпкердің бірі. Ақын Кереку жастарының белсенділігіне дән ризашылық танытып, ақ батасын берді.

   
1
0
1560

Осы тақырып бойынша

«Алдаспан» ақындары Алаштың ақынымен кездесті - Yvision.kz