Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс түсті

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2016 жылдың 7 қазанында Ақтөбе қаласында 2016 жылы 5 маусымда орын алған террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс келіп түсті.

Қылмыстық іс бойынша сотқа 29 тұлға (тұлғалар тізімі) берілген, олардың 9-ы түрлі қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары, оның ішінде терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары үшін, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағандары, 2-уі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталуда.

Қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғайды.

Қылмыстық іс бойынша 48 куә, 88 жәбірленуші тартылған.

Ақтөбе облыстық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы үшін барлық тиісті жағдай жасалған, оларға арналған арнайы зал әзірленді.

Ескерту: Ақтөбе облыстық прокуратурасының ресми сайтында жәбірленушілердің саны (101 тұлға) туралы бұрын жарияланған ақпарат іс материалдары бойынша мәліметтерге сәйкес келмейді.

Қайнар:
0
0
638

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс түсті - Yvision.kz