Мазмұнға өту

Жаңа

ОҚО-ның Қазығұрт ауданында 16 елді мекен табиғи газға қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соның бір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыңға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарының шаңырақтарын көгілдір отынға жалғаудың салтанатты жиыны өтті. Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елді мекеннің бір көшесіне берілді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жиналған тұрғындардың қуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: «Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараның бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесінің қосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесінің қосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналары…

0
0
543

Таллинде Қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Таллинде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысы өтті. ҮАК-тің қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, эстондық бөлігін Эстония Республикасы сыртқы істер министрлігінің вице-канцлері Вяйно Рейнарт басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ. Отырыс барысында оған қатысушылар екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды қозғайтын баяндамаларын оқыды. Тараптар инвестициялық және таринзиттік-көлік салаларындағы, агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, құрылыс және туризм болашағын талқылады. Ақпараттық технологиялар, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың едәуір даму әлеуеті атап өтілді. «Екі елдегі экономикалық…

0
0
285

Н. Назарбаев Сауд Арабиясының кәсіпкерлерін ҚР-ның индустрияландыру жобаларына қатысуға шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге Сауд Арабиясының әлемдік деңгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы біздің елдің Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесінің бірі екенін айтты. «Екі ел арасындағы 2015 жылы 16,3 млрд долларға жеткен тауар айналымы көлемін бүгінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Корольдік компанияларының қатысуымен Қазақстанда 17 ұйым жұмыс жүргізуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын да атап өтті. Олардың арасында тау-кен металлургиясы кешені, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және ислам б…

0
0
332

Өңірлер МЖӘ аясында инвестиция тарту жұмысын белсенділетуі қажет – ҰЭМ

Өңірлер МЖӘ аясында инвестиция тарту жұмысын белсенділетуі қажет, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. «Жергілікті атқарушы органдар 64 проблемалық мәселе енгізді, оның ішінде 27 мәселе республикалық бюджеттен 222,7 млрд теңгенің қаржыландыруын қажет етіп отыр. Проблеманың көп бөлігі көлік инфрақұрылымсына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, өңірлер инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға қаражат сұрап отыр, сумен қамту (38,4 млрд теңге), өнеркәсіпті дамыту (34,2 млрд теңге), қоршаған ортаны қорға мен ТЖ-ның алдын алу (11,7 млрд теңге), білім беру (9,6 млрд теңге), денсаулық сақтау (1,2 млрд теңге), ветеринария (0,2 млрд теңге) құрады», - деді Қ.Бишімбаев. Көлік инфрақұрылымы бойынша 5 өңір проблемалық мәселе енгізді, 78,2 млрд теңгеге қаржыландыру қажет болып отыр. Ең ірі жоб…

0
0
266

Шетелге, ең алдымен, нағыз білім мен жанның рақаты үшін сапарлаңызшы!

Қазір жастардың, (менің айналамдағылардың) санасын "шетелге шығу" мәселесі жаулап алған. Мейлі, ол оқу болсын, мейлі ол қыдыру, демалу болсын, әйтеуір, "жұрттың баласынан" қалмай шетелге шығу керек. Алғашқысын себеп етіп барғандардың жағдайы, тіпті, сорақы. Бірден айтайын, көпке топырақ шашудан аулақпын, жай ғана мысал келтірем(ін). Мәселен, ҚазҰУ, ЕҰУ сынды "мәртебесі биік" ЖОО өз магистранттарын екі аптаға алыс-жақын шетелдерге тағылымдамадан өтуге жібереді. Екі аптаға! Ал оған ағылшыншасы "Мутко мен Есімовтен аспайтын" студенттер барып алып, сол екі жұмасын қыдыру мен суретке түсумен өткізеді. Сонда бұл екі апта кімге пайда әкеледі?! Сонда білім мен тәжірибенің, қазақтар туралы қалыптасып үлгірген "репутацияның" қайтарымын әдемі суреттер мен сатып алған брэндті киімдерден сұрау керек п…

1
0
709

«91» тобы жайлы шулап болдық па?

«Ninety One» тобының өнерін қолдайтын мәдениет және қоғам қайраткерлерінің саны күннен күнге артуда. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртістері – Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, RinGo, Renzo және Ayumi топтарының продюсері – Алуа Қонарова, KeшYou, Алау топтарның продюсері – Баян Мақсатқызы бар. Жақында белгілі режиссер, комедия актері, шоумен және сценарист Нұртас Адамбай да топты қолдайтынғын айтты. Жігіттерді қолдаушылардың қатарында белгілі жүргізуші, журналистер де аз емес. Мысалы, «Хабар» арнасының журналисті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Менеджмент жəне маркетинг" кафедрасының оқытушысы – Дəулет Төлеутайұлы өзінің Instagram парақшасында Ninety One тобы жайлы жүргізген журналистік зерттеу барысында бұл топты айыптайтындарды түсінбегендігімен бөл…

5
1
2156

Сен барсың тек менде...

Өміріңде кездескен кез-келген адам өзіндік бір із қалдырмаса да, сені бір нəрсеге үйретеді, - деп жатады. Мына бес күндік ғұмырда қанша адамды бір-бірімен жолықтырады Жаратқан. Соның əрбірінің қылығын, ойын, пікірін, көзқарасын елеп-ескеру мүмкін емес те шығар. Бірақ адамның болмысы, қасиеті, рухани танымы қандай болса, əрқайсымен тілдесіп, пікір алмасқан кезде, тура сол таным-түсінікті ұғыну үшін дəл сол деңгейге түсіп немесе өресі жеткенше сол биікке бойлайды. Адам мен адам жолыққанда ең алдымен антиптия, содан соң симпатия орнайды дейді араларында. Кім болса да, бір жолыққанда сынай қарап, келіспейтін қырлары мен ұнамайтын тұстары көзге оттай басылып, оғаш көрінетіні содан. Ал содан соң, тіл табысып, жөн біліскен соң ғана, ол кісінің ниетін, басқасын біліп жатамыз. Осы кезде симпатия о…

0
0
467

Павлодар облысының жастары облыс әкімімен кездесті

Павлодар облысында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 7 жылдың ішінде 4345 жас маман жұмысқа орналасқан. Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың жастармен кездесуі барысында "Жастар бастамаларын дамыту орталығының" директорының орынбасары Саят Жүсіпбаев мәлім етті. - «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы елімізде 2009 жылдан бері іске асырылуда. Осы жеті жылдың ішінде облыс ауылдарына жас мамандар білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларына жұмысқа орналасқан. 2016 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама арқылы 240 жас маманға ауылға қызметтік жолдама беріліп, бұл бағытқа мемлекеттік бюджеттен 636 млн. 455 мың теңге бөлінген, - дейді Саят Жүсіпбаев. Кездесу барысында облысымыздың түкпір-түкпірінде ауылдың гүлденуіне өз үлестерін қосып жүрген…

0
0
608

Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалі өтуде

«Мәңгілік ел жастары- индустрияға»- «Серпін 2050 » мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар облысында білім алушы жастар арасында облыстық «Аламан» фестивалі өтуде. Фестиваль мақсаты- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар белсенділігін арттыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін арттыру, олардың әлеуметтік бастамаларына қолдау жасау. 24 қазан күні Павлодар химия-механикалық колледжінде «Аламан» фестивалінің «Мамандығым мақтанышым» байқауы өтті. Байқауға әр қатысушы өзінің жазып әкелген эссесің оқып, қорғады. Агрономия саласы, мал шаруашылығы, заманауи техникадағы түрлі-түрлі өзекті тақырыптар қозғалды. Іс-шара қортындысы: І орынды Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Өміржанова Талшын қанжығасына бай…

0
0
1040

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында  сағат 08:00 –ден  13:00 –ге дейін      3 «Б» шағынаудан аумағында  жылдам қимылдайтын  күштері  мен құралдардың оқу-жаттығу шараларының өткізілуі жоспарлануда.

Осыған орай, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз және уақытша  келеңсіздіктер үшін кешірім өтінеміз.

Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі

0
0
257