Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

2016 жылдың 24 қазанда «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялық клубының «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кезекті отырысы өткізілді.

Шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстарын жүргізу, құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында жемқорлықтың алдын алу жөнінде ақпарат беру.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, облыстық жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жастар істері комитеттерінің жетекшілері, ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.

Отырыс барысында өңіріміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың орындалуы және өткен жылмен салыстырғандағы сыбайлас жемқорлықтың пайыздық деңгейі жөнінде ақпараттар берілді. Шара соңында жастар тарапынан жемқорлықтың алдын-алу бағытында ұсыныстар жасалды.

 
0
0
845

Осы тақырып бойынша

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру - Yvision.kz