Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БАҚ НАЗАРЫНА! АНОНС Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің төртінші отырысы

2016 жылғы 28 қазанда сағат 10:00-де Алматы облысы «Ақбұлақ» биік таулы шаңғы курортында Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаевтың төрағалымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің төртінші отырысы өтеді.
Отырысқа Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлері, Ұйымның Бас хатышысының орынбасары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттердің Әділет министрлері қатысады.
Маңызды іс-шара 27 қазан күні «Шығыс-Батыс» атты ғылыми-практикалық конференциясынан басталады. Маңызды іс-шараға қатысушы мемлекеттердің сот сарапшылары қатысады. Мамандар сот сараптамасы саласындағы озық тәжірибесімен бөліседі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық нәтижесінде жыл сайынғы Халықаралық заң форумы аясында диалог алаңы пайда болды, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын сот сарапшылары үшін маңызды «Батыс-Шығыс» конференциясы бастау алды.
Жоспарланған отырыстың маңыздылығына орай БАҚ өкілдерін іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Сот сарапшылараның бас қосуы – «Шығыс-Батыс» конференциясы 27 қазан күні сағат 10:00-де өтеді.
Басты іс-шара - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің
Әділет министрлерінің төртінші отырысы 28 қазан күні сағат 10:00-де өткізіледі.
Өтетін орны – Алматы облысы, «Ақбұлақ» биік таулы шаңғы курорты.
Шақырушы жақ
журналистерді көлікпен қамтуға даяр.
Аккредитация мен қосымша
ақпаратты алу үшін
баспасөз қызметкерлеріне
қоңырау шалыңыз
Баспасөз қызметі:
Астана қ., тел: 8(7172) 74-06-01,
8(7172) 74-06-02,
Сандуғаш Сұлтан, Әділет министрлігінің
баспасөз хатшысы
Олжас Рамазанов, Әділет министрлігінің
ресми өкілі
Тел: 87784498938, 87479180184
Алматы қ., Әділет департаменті
тел.:8(727) 291- 85-08, 291-83-87
Әділжан Талғатұлы
Тел.: 87025500543
0
0
292

Осы тақырып бойынша

БАҚ НАЗАРЫНА! АНОНС Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің төртінші отырысы - Yvision.kz