Мазмұнға өту

Жаңа

АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

«Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шенон басқарған АҚШ делегациясы келді, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. «Мен кеше кешкісін Астанаға келген болатынмын. Бұл менің алғашқы ресми кездесуім, демек бұл біздің ниетімізді көрсеткен нақты жолдау деп ойлаймын. Біз ЭКСПО-2017 қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон» - Томас Альфред Шенон. АҚШ Мемлекеттік хатшы орынбасары атап өткендей, ЭКСПО АҚШ қарым-қатынас арасындағы маңызды элемент ретінде қарастырылуда. Қазақстан…

0
0
312

Студенттермен кездесу Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде жалғасты

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы және онымен күрес туралы коледж студенттері баяндама жасаса, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Т.Төлепқалиев сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері туралы баяндады.

Сонымен қатар, қатысушыларға профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, олардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлерін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді.

0
0
368

Боқаев пен Аянов ісі: Митингтің заңсыздығы ескертілген еді...

Атырауда атышулы Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың соты жалғасуда. Дүйсенбі күні сотта үш куәгер тыңдалды. Сәуірдегі митингі кезінде Атырау қаласының әкімі болып тұрған Нұрлыбек Ожаев (қазір ол «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары) сотталушы азаматтарға, яғни Талғат пен Максқа митингті «Исатай –Махамбет» алаңында өткізудің заңсыз болатыны түсіндірілгенін айтты. «Жігіттерден сәуірде де, мамырда да митинг өткізу үшін «Исатай – Махамбет» алаңын бөлу туралы өтініш хат келіп түсті. Сәуірдегі хат бойынша, сол кездегі орынбасарым болған (Атырау қаласы әкімінің орынбасары) Гүлмира Шәкіроваға тапсырма бердім. Ол жігіттерге митинг өткізуге бөлінген бес орынның ішінде, «Исатай – Махамбет» алаңының жоқ екендігін түсіндірді. Бірақ, митинг бәрібір болды. Алаңға халық…

3
7
570

Мемлекеттік қызметтің кәсібилігі жөнінде тікелей эфирде талқыланды

2016 жылдың 24 қазанда «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфиріне Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» белгіленген мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің маңыздылығына қатысты болды.

Өз сөзінде А.Жұбаныш мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жалпы қазақстандық қоғамның алдында ұлт Жоспарында Елбасының бес реформада алға қойған мақсаттарды жүйелі жүзеге асыру міндеті тұрғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан мемлекеттік қызметке өту срақтары бойынша сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

0
0
254

Биыл ОҚО-да 1140 пәтер пайдалануға берілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу сапасын тексерді, деп хабарлады “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметі. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды. Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бір жарым есеге дейін ұлғайды. Бұл саладағы қарқынның дамуына «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында қол жеткізіліп отыр. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкенттегі жылдам өсу үстіндегі аудандардың бірінде болып, жаңадан салынып жатқан көп қабатты құрылыстардың сапасын бағ…

0
0
332

Чемпион қыздар

Астананың Есіл ауданында тұратын Айтжанов Руслан мен Әсемнің отбасы сыйластығы жарасқан, берекелі жанұялардың бірі. Олар алты бала тәрбиелеп отырған ата-ана. Өз ісінің білікті маманы Руслан Қасымұлы Ақмола облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі. Қандай қарбалас жағдайлар болмасын, ол келіншегіне «қолым тимейді, балалармен өзің айналыса бер» демеді. Қыздарының сабағына қарап, қосымша үйірмелеріне, қызығушылықтарына мән беріп, арнайы уақытын бөлді. Русланның отбасында Рамазан айында ауыз ашар жасалып, жыл сайын Құрбан Айт шалынады. Бұнымен қатар қазақы дәстүр бойынша туыстарды соғымның шекесіне шақыру, сәбилердің шілдеханасы, тұсаукесері мен тілашар тойлары міндетті түрде әулеттегі үлкендердің қатысуымен өтеді. Осындай қонағы арылмаған шаңырақта балалар ата салтымыздағы ғұрыптарды көріп ө…

1
0
878

Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылады – Бишімбаев

ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. «Заң жобасында жарнама саласындағы уәкілетті органды – жарнама мәселелері бойынша басшылық пен салааралық үйлестіруді жүргізетін орталық атқарушы органды (ҰЭМ) анықтау ұсынылады. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар жеке салада басшылық жасайтын мемлекеттік органдар болып табылады», - дейді министр. Заң жобасында Қазақстан аумағында, оның ішінде жарнамада сатылатын өнім құнын ұлттық валютада ғана көрсету туралы талап енгізіледі.Сондай-ақ жарнама саласындағы тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді. Заң жобасында теле, радиоарналар бір ай ішінде өт…

0
0
480

Таллинде Қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Таллинде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысы өтті. ҮАК-тің қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, эстондық бөлігін Эстония Республикасы сыртқы істер министрлігінің вице-канцлері Вяйно Рейнарт басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ. Отырыс барысында оған қатысушылар екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды қозғайтын баяндамаларын оқыды. Тараптар инвестициялық және таринзиттік-көлік салаларындағы, агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, құрылыс және туризм болашағын талқылады. Ақпараттық технологиялар, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың едәуір даму әлеуеті атап өтілді. «Екі елдегі экономикалық…

0
0
284

ОҚО-ның Қазығұрт ауданында 16 елді мекен табиғи газға қосылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соның бір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыңға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарының шаңырақтарын көгілдір отынға жалғаудың салтанатты жиыны өтті. Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елді мекеннің бір көшесіне берілді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жиналған тұрғындардың қуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: «Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараның бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесінің қосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесінің қосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналары…

0
0
542

Н. Назарбаев Сауд Арабиясының кәсіпкерлерін ҚР-ның индустрияландыру жобаларына қатысуға шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге Сауд Арабиясының әлемдік деңгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы біздің елдің Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесінің бірі екенін айтты. «Екі ел арасындағы 2015 жылы 16,3 млрд долларға жеткен тауар айналымы көлемін бүгінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Корольдік компанияларының қатысуымен Қазақстанда 17 ұйым жұмыс жүргізуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын да атап өтті. Олардың арасында тау-кен металлургиясы кешені, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және ислам б…

0
0
330