Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да ЖОО студенттері арасындағы «Брейн ринг»

Брейн ринг– бұл зияткерлік пен танымдық қабілеттіліктердің дамуын ынталантыратын және өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын ойын.

2016 жылдың 25 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен тыйым салулар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының өзекті мәселелерін көрсетуге бағытталған, жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Брейн ринг» зияткерлік ойыны өткізілді.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдарының, 2015-2025 жылдарға арналған ҚР-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау болып табылады.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин шараны ашып, өз сөзінде бұл ойын кез-келген адамның ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, ол ойынның мақсаты мен сайыстың шарттарын түсіндірді.

Ойын үш кезеңнен тұрды. 1 кезең Қазақстанның тарихы мен Конституциясы; 2 кезең – ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы; 3 кезең -  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілері сұрақтарынан құралды.

Ойынға облыстағы ЖОО студенттерінен құралған 4 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың қуанышына орай, сайысқа қатысушылар ойынның тақырыбы бойынша сенімді және нақты жауап беру арқылы білімдерін жақсы көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша лайықты ойын көрсетіп, жүлделі бірінші орынды КазИИТУ студенттерінен құралған «Құзіретті тұлғалар» командасы жеңіп алды. Жүлделі орын иеленген командалар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың сөздеріне сүйенсек, бұндай шаралардың маңыздылығын ескере отырып, осындай ойынды жиі өткізу жөнінде шешім қабылданып отыр, өйткені, брейн ринг жоғары деңгейдегі білім мен білімділікті көрсетеді, сондай-ақ, студенттер арасында өзара байланысты жақсартуға үлесін қосады.

   
0
0
864

Осы тақырып бойынша

БҚО-да ЖОО студенттері арасындағы «Брейн ринг» - Yvision.kz