Қызылордада жыл басынан бері 153 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды
Жыл басынан бері көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 25335 шетел азаматы тіркеуге алынды. Алайда олардың 4778-сі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 153 шетел азаматы сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды. Ал республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзуға жол бергені үшін 141 жергілікті тұрғынға тиісті шаралар көрілген. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек – 04 қазан аралығында облыс аумағында заңсыз көші-қондылықпен күресу мақсатында «Заңсыз келуші - 2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы іс-шараға мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнама…