Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жасотандықтар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 24 қазанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде Жақсы ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы флешмоб өтті.

Іс-шараны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру аясында  жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру.

Би флешмобына шамамен 60 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
222

Осы тақырып бойынша