Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЖРВИ және тұмау ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етеді.

Республикада ЖРВИ сырқаттанудың бақылау деңгейлерінің асып түсуісіз маусымдық деңгейде тіркелуде. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2016 жылғы 1 қазаннан) бастап ЖРВИ-дің 45 мыңнан астам жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (68,0%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұмаумен ауыру жағдайы тіркелген жоқ. анықталған жоқ.

21 қазандағы жағдай бойынша республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 1 млн.-нан астам адам егілді, оның ішінде 900 мыңнан астамы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және 110 000-нан астам адам жұмыс берушінің және тұрғын өз қаражаты есебінен егілді.

Егілгендердің 34,0%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Вакцинация тұмау профилактикасының едәуір тиімді ерекше әдісі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары (созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, иммунитеттің жетіспеушілігі бар балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина жұмыскерлері және жүкті әйелдер) егіледі.

Бұдан басқа вакцинация жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен өткізіледі. Тұмауға қарсы ақылы вакцинация аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдардың рұқсаты бар жеке медицина орталықтарында және тұрғылықты мекенжайы бойынша емханалардың екпе кабинеттерінде жүргізіледі.

Комитеттің зертхана қызметі тұмау және басқа да тұмау емес инфекциялар вирустардың айналымына мониторингті жүзеге асырады. Бүгінгі күні тұмау жағдайлары анықталған жоқ, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Астана қаласында (парагрипп, риновирусты инфекция, метапневмовирус және бокавирус) тұмау емес инфекциялардың қоздырғыштары айналымы байқалады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/sanepidem_obstanovka/?cid=0&rid=5830

0
0
840

Осы тақырып бойынша

ЖРВИ және тұмау ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары туралы ақпарат - Yvision.kz