Мазмұнға өту

Жаңа

Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында

Қазан айының 26сы куні Microsoft компаниясы өзінің жаңа өнімдерін бүкіл әлемге ұсынған болатын. Бұл презентацияға дейін Microsoft компаниясына сенбек түрлі, оны ұмытып қалған адамдарда болатын. Бұны да түсінуге болады, өйткені Microsoft компаниясы соңғы жылдары халықты "уау" деп таңғалдыратындай ештеңе жасап көрсетпеген. Алайда, бұл күні Microsoft компаниясы Google мен Apple компанияларын тыңдаушылардың басынан шығарып, Microsoft компаниясын қайтадан технологиялық алыптардың бәйгесіне оралғанын және де оларды озып түскенін көрсеткен болатын. Microsoft компаниясының презентациясының бірінші бөлігі Windows 10: жасампаздарға арналған жаңартуы деп аталады. Бұл Windows 10 жаңартуы үш бөліктен тұрады: Виртуалды және аралас ақиқат 4к ажыратылымдағы ойындар Бас экрандағы әлеуметтік желі Сіз интер…

1
0
907

Ұмытылған сөздердің жаңа тынысы

Ана тілі мен оқып жүрген шет тілінің (тілдердің) сөздік қорын молайтудың ең тиімді әдістері қандай? Осы сұрақты тіл мамандарына, тіл үйреніп жүрген әріптестеріңіз бен достарыңызға қойғанда, тіпті интернеттегі шексіз көп форумдар мен арнайы ресурстар көмегіне жүгінген кезде алуан түрлі әдіс-амалдар туралы хабардар болатыныңыз сөзсіз.Өзім танитын ауызша аударма саласының танымал бір маманы тілді әрі аудармашы кәсібін жетік меңгергісі келетіндерге мынадай маңызды кеңес береді:- сөздердің сөздіктегі бірінші көрсетілген мағынасын ғана есте сақтап, оны орынды-орынсыз пайдаланудан сақ болыңыз;- сіз іздеген сөзге арналған сөздіктегі мақаланы ерінбей соңына дейін оқып шығып, сөздің басқа қандай мағыналарда пайдаланылатынына назар аударыңыз;- әсіресе сөздің бұрыннан бейтаныс әрі айрықша мағыналарын…

1
0
733

Жоғарғы Сот Судьялардың жетінші съезінің қарсаңында заң аясына арналған Интернет-викторинаны іске қосты

Бүгін Жоғарғы Сот жаһандық желіні пайдаланушыларға есептелген интернет-викторинаны іске қосты. Іс-шара 2016 жылғы қарашада Судьялардың жетінші съезін өткізуге арналған. Осы акцияның мақсаты ел азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Ел азаматтарының белгілі бір бөлігі, әсіресе ол жастарға қатысты қандай әрекеттер құқық бұзушылықтарға жататынын біле бермейді. Жеткіншектердің математика пәнінің бақылау сабағына бармау үшін бомба салынғаны туралы телефон шалу жағдайлары осы күнге дейін кездеседі. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мұның проблемасы – жастарды заңдарды оқуға баулу қиынға түсіп отыр, ал оларды бірінші кезекте интернет-викторинаға жүлделер арқылы тартып, осылайша олардың заңмалық тұрғыдан білімдерін арттыру - ең пәрменді тәсіл. Бұл білім деңгейін…

0
0
243

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Іс-шара Жоғарғы Сот ғимаратында өтті. Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік басшысының тапсырмасы бойынша «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 18-қадамын орындау үшін құрылғанын атап өтті. Жоғарғы Соттың жанынан Академияның құрылуы және жұмыс істеуі заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды қадамдарының бірі ретінде айқындалған. Оны құру кезінде халықаралық тәжірибелер зерделенді, ЭЫДҰ мен Еуропа судьялары хартиясының ұсынымдары, Халықаралық судьялар қауымдастығының және Еуропа судьялары консультациялық кеңесінің қорытындылары назарға алынды. Жоғарғы Сот Академиямен бірлесіп барлық қажетті нормативтік құқықтық баз…

0
0
422

Қазақша киноцитаталар 3

Назарларыңызға - Үшінші топтама. Ал кеттік! Айтпақшы, өзіңізге таныс цитаталарды таптыңыз ба?) 1.Жеккөрушілік – ауыр жүк. Өмір қамшының сабындай қысқа, сондықтан оны зұлымдыққа жұмсама. “Американдық Икс оқиғасы” 2. Ең жаман нәрсенің не екенін білесің бе? Ұзақ уақыт бойы бар сеніп келгенің түкке тұрғысыз болғанын сезіну. 3.Көп адамдар жалғыздықтың кереметін түсінбейді. “Жаздың 500 күні” 4.Құрбандықсыз сүйіспеншілік болмайды. “Аватар” 5.Бақыттың шынайы бағасын басқа жанмен бөлісе алғанда ғана түсінесің. 6.Мені бүкіл әлем, адамдар сүйеді, менде оларға сүйіспеншілікпен жауап беруді қалаймын. “Жабайы жағдайларда” 7.Өмір тәуекелсіз солғын тартады. “Гарри Поттер және Феникс зүмресі” 8.Сіздің әрбір ойыңыз – үлкен шынайы күш! “Құпия” 9.Даңқ – сенімсіз жолдас, Гарри. “Гарри Поттер және Құпия бөлме”…

1
0
795

Конгрестің оңды жобалары

Мен бүгінгі және алғашқы блогымды Қазақстан Жастар Конгрессінің атқарып жатқан істерін жазудан бастағым келеді. Негізінде, өзімнің бұл Конгреске еш қатысым болмаса да, сол Конгресс құрамында жүрген құрбымнан көп естимін. Құрбымның да Конгресс құрамында жүргеніне көп уақыт бола қойған жоқ,бірақ осы аз уақыт ішінде атқарған оңды істері де жетерлік. Солардың бірі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным" Ұлттық жобасының бірі "Жаңа дем" жобасы.Бұл жоба негізінде Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылды жерлерінде көмекке мұқтаж өздігінен қиын жұмыстарды жасай алмайтын ата-әжелерімізге еңбек ардагерлеріне көмек көрсетілуде. Ал бұл облыстарды таңдаудағы себеп: мұнда басқа облыстарға қарағанда көмекке мұқтаж отбасылар саны анағұрлым көп болғандықтан. Тағы да басқа…

2
0
249

Үлгі боларлықтай іс

Қазақстан Жастар Конгрессі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным" Ұлттық Жобасы "Жаңа Дем" жобасының бастамашылығымен болып жатқан істер: Ауылды жерлердегі күш-қуаты сарқылған, жалғыз қалған қарт кісілерге жастардың көмек көрсетуі. Қазір бұл бағдарлама көлемінде Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында жұмыстар жүргізіліп келеді. Ең бастысы, мұндай шараны ойластырып отырған да,іске асырып отырғанда- жастар. Ешқандай да ақшаға емес, бар ойлары, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу.

1
0
331

Ерінбеген еріктілер

Осыдан біраз уақыт қана бұрын осы сайттын бір блогын оқыдым. Онда ауылды жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз калған ата-әжелерге көмек көрсетіп жүрген жастар, еріктілер, олардың ұйымдары туралы жазылған болатын. Соны оқып, ол ұйым туралы тереңірек білу мақсатында іздей бастадым. Қазақстан Жастар Конгрессі "Казахстан- это Я"- "Менің Қазақстаным" Ұлттық Жобасының "Жаңа Дем" жобасы. Бұл жоба қазірдің өзінде Астана, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жүзеге асып келеді. Ол ұйымның басшысы- Айдын Сәбитов. Және көмек көрсетіп жүрген еріктілердің бәрі студенттер бола тұра, өздерінің қалалауларымен тегін жұмыс жасап жүр.Үйлерінде "Істерге іс таппай" құр жатқан жастарға, орта қауым өкілдеріне үлгі боларлықтай іс.

1
0
339

ХХІ ғасыр жастары

Осыдан біраз бұрын ғана Павлодарға туған-туысқандарымның үйіне , ауылдың шаңына аунап, бір демалып келейін деп барған-дым. Біздің ауылда жалғыз қалған ардагер бір апамыз бар еді. Халін білу мақсатында, үйіне кіріп шығуға бел байладым. Үйіне барғанымда үйінің іші абыр- сабыр, бір топ жас балалар- студенттер жүр. Сұрап қарасам, апамызға көмек көрсетуге, үйін әрлеп, сәл де болса көңілін аулауға келген екен. Жастардың басын жинап, бұлай дұрыс бағытқа салып отырғанын білгім келіп сұрағанымда, Қазақстан Жастар Конгрессінің "Казахстан- это Я"- "менің Қазақстаным" жобасының бұл бір бағыты ғана деп жауап берді. Солай бұл студенттер- еріктілердің апамызға тегін, ең бастысы өздерінің қалауларымен көмек беріп жатқандарына таң қалып, өзім де іштей алғысымды білдірдім. Қазақстанымыздың осындай жастары…

2
0
1154

Еліміздің болашағы жастар қолында

Мен жақында ғана құрбымнан  жастар жайлы бір жақсы қуантарлық жаңалық естідім. Қазақстан Жастар Конгресінің бастамашылығымен еліміздің белсенді жастары "Казахстан-Это Я"- "Менің Қазақстаным" жобасы аясына бірігіп, облыстар ішіндегі, аудан- қалалар ішіндегі ауылдардың әлеуметтік-жағдайы төмен отбасыларына көмек беріп, қол ұшын созып жүр екен. Және бұл бағдарлама қазірдің өзінде Павлодар,Ақтөбе,Астана, Батыс Қазақстан, Қарағанды олыстарында өз бастауы алды.

0
0
888