«Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» облыстық байқауының іріктеуі кезеңі өтті.
Жыл сайын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі облыстық «Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» байқауын ұйымдастырады. Биыл да бұл байқау жалғасын тауып, үздіктерді марапаттайды. Іріктеуге 33 ке жуық қатысушылар қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрады: І кезең- қатысушылар түйіндемелерін, жетістіктерін, белгілі тақырыптарға эссе жазып , ұйымдастыру алқасына апсыруға тиіс. ІІ кезең-шығармашылық презентациясы. ІІІ кезең- марапаттау.

Арнайы шақырылтылған әділқазыларға байқауға қатысушылар өздерінің жұмыстарын таныстырды. Әділқазылар алқасында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры- А.А Садықова, М.М. Катаев атындағы Оқушалар сарайының маманы -А.Ж. Оразбаева,«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директорының орынбасары -С.Ж. Тұрарова, Облыстық мәслихат депутаты -Э.С. Паули, «Спорт басқармасы» ММ жетекшісі-А.Ш. Рысмағанбетова, Павлодар облысының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының маманы- Т.Н. Жакашева. Қазыларға үздіктерді анықтау оңайға түспеді. Қатысушылар бар өнерлерін салып, бір-бірлерінен ерекшеленіп отырды. Дегенмен, 33 қатысушыдан тек 25 үздік деген қатысушы ғана мараппатталатын болады.

-Аталмыш іс-шара жыл сайын өткізіледі. Жылда қатысушылар саны 30 дан асады. І кезең талаптарына сәйкес қатысушылар өздерінің түйіндемелерін қалдырады, ал әділқазылар саралайды. Қатысушылардың түйіндемелерінде жетістіктері бірінен-бірі асады. 25 үздіктерді 10 желтоқсанда марапаттау жоспарланып отыр- дейді ұйымдастыру алқасының төрағасы Орақпаева Зарина Өмірзаққызы.
