Кезінде трактористі менсінбеген кәрі қыздың оқиғасы
Уақыт өткен сайын қуануым, күлуім, таңғалуым, тіпті, бір дүниені не адамды ұнатуым да қиындап барады. Әлде, мұның себебі тым есейіп кеткендігімнен бе? Жақында алпысты алқымдап қалған ескі танысымды көше бойынан кездестіріп қалдым. Өзі талай жоғары оқу орындарында студенттерге дәріс берген кісі. Түріне қарасам, қуаныштың табы білінбейді. Әшейінде сөзге тоқтамайтын кісі еді. Бұл жолғы түрінен шошиын дедім. Көзіне қарасам күйіктен ішқұса болып ішіп кеткен секілді. Жақын маңдағы асхананың біріне шақырып әңгімеге тарттым. Өзім тау тұлғасына қарап осы кезге дейін сырттай сыйлап жүретінмін. Айналасы жарты сағаттың ішінде айтқан сырлары денемді тітіркендіріп, беймаза күйге түстім. Үлкен деп сыйлап жүрген кісіден жиіркеніп кеттім. Сонда да көзін енді ашқан күшіктей жәудіреген көзімді алмай отыра б…